Тағдыр әр адамға керемет мүмкіндікті міндетті түрде тарту етеді

11 қазан 2021, 17:46

Билл Гейтс деген братты танисыздар ғой? Бізше айтқанда шіріген бай. Сол Бәкеңнен бір журналист ару "Сіздің осынша баюыңыздың сыры неде", - деп сұрамай ма?
Көп шайнаған қартаның дәмі кетеді. Күніге еститін сұрақтың жауабын айта-айта жалықса керек, Гейтс мырза қалтасынан чек-кітапшасын алып шығып "Сізге қанша ақша керек, қалаған сомаңызды жазыңыз" , - деп журналиске ұсыныпты.
"Жо-жоқ. Сіз мені дұрыс түсінбедіңіз..." , - деп сасқалақтап қалған тілші сұрағын қайталап қояды.
Сонда миллиардер: "Менің табысты болуымның сыры - жаңа ғана сіз пайдаланбаған мүмкіндікті, мен ешқашан мүлт жібермес едім. Егер сәл батылдық танытқаныңызда, әлемнің ең бай журналисі болатын едіңіз", депті.
Қысқасы тағдыр әр адамға керемет мүмкіндікті міндетті түрде тарту етеді. Оның тек ақша болуы шарт емес. Жақсы жұмыс, жақсы жар, жаңа адамдармен танысу, т.б болуы мүмкін. Бастысы - қолда тұрған бақыт құсын ұстап қалу.

facebook.com