Сен тұр - мен айтайын!

Тағдыр олардың дұшпандығына түкіріп тастады

  • Тағдыр олардың дұшпандығына түкіріп тастады

    Тағдыр олардың дұшпандығына түкіріп тастады

Бұл өмірде кешірмейтін ештеңе жоқ. Шын мəнінде, өмір адамның бір тамшы көз жасына да тұрмайды.

Пласидо Доминго мен Хосе Каррерас туралы бір дүниені аударып, жазсам деп жүргелі біраз болды. Кештен соң кешім болып, уақытым болмады.

Пласидо Доминго – Мадридтің тумасы болса, Хосе Каррерас – Каталонияның перзенті. Каталония - Испанияның солтүстік-шығысындағы түбекте орналасқан автономиялы қауымдастық. 1984 жылы саяси мəселелерге байланысты екі əншінің көзқарасы келіспей дұшпанға айналады. Испаниядағы ғана емес, əлемнің түкпір-түкпіріне концертке шақырған ұйымдастырушыларға олардың бірінші қоятын сұрағы "Пласидо Доминго болмай ма? Ол болса, бармаймын", "Хосе Каррерас болмаса ғана барам..." еді.

Тағдыр олардың дұшпандығына түкіріп тастады.

1987 жылы Каррерас Пласидомен алыспақ түгілі, өз басымен қайғы боп кетті. Əнші аққан ауруына шалдығады. Ауруы жанына батқан əнші қатты жүнжіп, өмірден баз кешердей күйге түседі. АҚШ-та емделеді. АҚШ-қа қайта-қайта ұшу, ауруханада жату, дəрі-дəрмек алу... Каррерасты қаржылық жағынан шаршатады.

Бақуатты əнші аз күнде тапқанының бəрін денсаулығына жұмсайды. Жоқ, жазылатын түрі жоқ. Оның емделуге ақшасы қалмайды. Сол күндері əншіге "Хермоза" қоры қолұшын созады. Каррерас ауруын жеңеді.

Ол қайтадан əн салады. Шақыртудан соң, шақырту... Тағы да жоғары қаламақы... Хосе Каррерас бір кезде өзін ажалдан алып қалған қорға көмектескісі келеді. Қордың президенті, бас демеушісі өзінің дұшпаны Пласидо Доминго екенін білгенде таңғалады. Каррерас бұл қордың ауру өзін ажалдан арашалау үшін құрылғанын білгенде жылап жібереді.

Пласидо Домингоның тектілігі сол: бұл қордың ашудағы мақсатын құпия ұстайды. Өліп бара жатса да, дұшпанынан көмек сұрамайтын Каррерастың сезімдерін қорлағысы келмейді.

Пласидо Домингоның Мадридте концерті өтіп жатқан. Концертті бөліп, Хосе Каррерас сахнаға шығады. Екеуінің дұшпан екенін білетін жұрт таңданып қарап қалған. Халықтың алдында Каррерас Пласидодан тізерлеп кешірім сұрап, алғысын айтады.

Кейіннен журналистер не үшін дұшпанына көмектескенін Пласидодан сұрағанда "Біздің мұндай дауысты жоғалтуға қақымыз жоқ!" деп жауап береді. Екі тенор талай рет бірге əн салды.


Каррерас талай аққан ауруымен ауыратын адамдарға көмектесті.


Аягүл Мантай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 874    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.10.2019, 11:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30