Сен тұр - мен айтайын!

"ТАЛАНТ ТА ЖОЛДАН ТАЯДЫ"

  • "ТАЛАНТ ТА ЖОЛДАН ТАЯДЫ"

"ТАЛАНТ ТА ЖОЛДАН ТАЯДЫ"

 

Қазақ жерінде қасиет қонған ерекше адамдар көп. Соның бірі халық емшісі - Жанарыс Еңсепов еді. Жұрт оған "Қыдыр ата" деп ат қойды.

 

Алдына барған науқастар айығып, шаруасы теріс кеткендер оңалып жатты.

 

2007 жылы Қыдыр атаға баруға тура келді. Мен емес,театр науқасқа ұшырады. Олай дейтінім сахнада ән салып,өнер көрсетіп жүрген кейбір қыз-жігіттер ойламаған жерден теріс ағымның жетегіне еріп, домбыра көрсе шошитын болды. Тым жақсы таланттар көз алдымда жоғалып барады. Содан таң атпай кезекке тұрып Қыдыр атаның қабылдауына келдім. Бір жағынан жүрегім дүрсілдеп қорқып тұрмын. Жүздеген халық ем қабылдайтын аулада емшіні күтіп отыр. Бір кезде кіріп келді. Бірінші рет бетпе-бет көруім еді. Көзіме көненің батыры елестеді. Тұлғасы ірі,көз жанары өткір екен. Көпшіліктің арасынан мені  танып қалды.

 

-Өнердің адамы төрде отыру керек - деп,қасына шақырып алды. Қуанып қалдым. Бұл жерге эстрада жұлдыздары мен саясаттың сарбаздары да жиі келіп бата алатынын білдім.

 

Келген шаруамды айтып едім, "тентектеріңді түгел алып кел, өзім жеке қабылдаймын" - деді.

 

Содан балаша мәз болып шықтым. Ертеңіне әлгі адасқан әртістерді алдына әрең көндіріп апардым.

 

Екі сағат қазақ ұлтының қасиеттері туралы керемет әңгімелер қозғады. Саналарына әбден сіңдіріп тастаған не бір құйтырқы сұрақтарына шеберлікпен жауап берді. Бір аптадан соң, таланттарына дақ түсе бастағандар түзеліп қайта қатарға қосылды.

 

Міне, осы кездесуден кейін, жақсы таныс болып кеттік.

 

Қазір, өкінішке орай Қыдыр ата өмірде жоқ. Бірақ,оның рухы мәңгі тірі...

 

 

Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1699    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.10.2020, 23:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31