Тәуелсіздік алғалы министрге жарымаған сала болса ол медицина саласы

23 қараша 2022, 14:11

Медицина және Мәһди.

 

Діни ұғымда Мәһди деген түсінік бар. Ол дегеніміз жер бетіне ұятсыз, арсыздық, жемқорлық жайлаған кезде Мәһди келіп тәртіп орнатады. Сол себепті діни адамдар Мәһди күтіп жүреді.

 

Біздегі медицина саласы да өз Мәһдиін күтіп жүр. Тәуелсіздік алғалы бір оңған министрге жарымаған сала болса ол медицина саласы. Жүзі жылы, қазақи тәрбиесі бар деген адамдардың көбі істі болып сотталып, жемқорлыққа ілініп аты шығып қалды . Қанша ақша алып реформа жүргіземіз, енді медицина гүлдейді деп айтып арты жемқорлыққа ұласып сотты болып бітіп жатыр.

 

Тіпті әлемді коронавирус жайлап, дәрігерлердің біліктілігі мен медицина сапасы көрініп қалған кезде, Президенттің өзі  2023 дейін дәрігерлердің айлығын жалпы орта табыстан 2.5 есе көбейтеміз деп үәде берген, 2023 басталуына бір ғана уақыт қалды медицинадағы айлық екі жарым есе түгіл 1 орта жалақы деңгейіне жете алмай жүр.

 

Жалпы қай кезде болмасын бізде дәрігерлер мен мұғалімдерді бір қатарға қою әдеттке айналған. Екеуі екі түрлі мамандық болса да, қызмет көрсету аясы екі түрлі болса да, мүмкін айлығы ең төмен болғандықтан шығар.

 

Бірақ меніңше мұғалімдердің өз Мәһдилері келіп қойған. Себебі кәзір бізде мұғалім болу, дәрігер болудан мақтаныш. Педагогика саласында жаңашылдық көп. Министрлері көптеген жаңа тәсілдер, ойлап тауып, сырттан әкеліп, педагогика саласы алдыға жылжып кетті.

 

Ал медицина саласы балшыққа батқан куйі терең батып бара жатыр. Кәзір мұғалім жаңа бағдарламаны игерсе, ағылшын тілін меңгерсе, қолданса мүлде басқа айлық алады. Дәрігерлер арасын да ондай жоқ, қайта категория төлемді алып тастап адам жиырма жыл жұмыс істесе де, бес жыл жұмыс істесе де бірдей төмен айлық алады. Тіл оқу, мотивация беру мүлде жоқ.

 

Мұғалімдердің мемлекеттік арнайы статус дәрежесі бар, дәрігерлерде ондай жоқ.

 

Мұғалімнің балалары бала бақшаға жеңілдетілген арнайы кезекке тұрады, Дәрігерлерде ондай жоқ, қаншама дәрігерлер бала бақшаға балаларын бере алмай үйде отыр.

 

Мұғалімдер әкімшілікке арнайы кезекке тұрып үй ала алады, жеңілдікпен тұрғын үй алуға конкурсқа қатыса алады, дәрігерлерде ондай жоқ, 200 мың 300 мың айлығының жартысын квартираға беріп көшіп қонып жүр.

 

Жалпы мына түріміз бен жақын 50 жылдықта медицина дамиды деген үміт жоқ..

 

 

Ғабит Нурханұлы

Фейсбуктегі парақшасынан