"Тәуелсіздік бізге аспаннан түсті. Ең соңынан Ресей лақтырып кеткен соң, амалсыз тәуелсіз мемлекет болдық"-деген топас түсінікті қою керек қой.
Жеке мемлекет болып, тәуелсіздік алғысы келмеген қазақ халқы емес.
КСРО тарап кетсе де, әлденеден үміттенген, көлеңкесінен қорыққан "біреу" болатын.
Осы екеуін шатастырмаңдар!
Ал, қазақ халқы бодандықтан құтылу үшін, 300 жыл бойы алысумен болды.
Тәулсіздік үшін,
86-жылы жастар алаңға шығып, қорлық пен зорлықтың фашистер істемеген сұмдығын бастан өткерді...
Тәуелсіздік үшін,
Сенің ата-бабаң өмір бақи күресті!
Сен "Әлі толық тәуелсіздік алмадық" деп шырылдап жүрсің...
Соның бәрін жоққа шығарып, "Тәуелсіздік бізге аяқ асты келді" деп көкігенді қойыңдар...!
Толық Тәуелсіздік алғың келсе, күрес! Біліміңді жетілдір!
Бір-біріңді: "Сатқын" "Үш әріптің тыңшысы"... дегенді қойып, жұдырықтай жұмыл...!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Малик Ораков
Фейсбуктегі парақшасынан