Сен тұр - мен айтайын!

Тәуелсіздікке 30 жыл толмақ. Сол жылдар ішіндегі ең маңызды шешімнің бірі осы-ay

  • Тәуелсіздікке 30 жыл толмақ. Сол жылдар ішіндегі ең маңызды шешімнің бірі осы-ay

    Тәуелсіздікке 30 жыл толмақ. Сол жылдар ішіндегі ең маңызды шешімнің бірі осы-ay

Астана қаласына әр келген сайын бір ой келеді. Қаланың минустары мен плюстары жетерлік. Дегенмен қаланы көшіру стратегиялық, геосаяси тұрғыдан дұрыс шешім деп ойлаймын.
Иә, Астананың ауа райы суық. Қыста аяз, боран, үскірік, қалың қар. Ал жазда маса, желі де көп. Жалпы ауа райына айып тағушылар жетерлік. Мен де солардың қатарынанмын. Бірақ Астананы ауыстыру дұрыс шешім болды. Оның бірнеше себебі бар.
Тәуелсіздікке 30 жыл толмақ. Сол жылдар ішіндегі ең маңызды шешімнің бірі осы-ay. Артық айтқаным емес. Неге?
Астананы ауыстыру арқылы геосаяси шешімдер жасадық. Қазіргі Әзірбайжан мен Арменияның қақтығысына қараңызшы, екі ел астанасының орналасуына көз жүгіртіңіз. Армения астанасы Ереван Түркияға жақын. Армения енді қатаң қимылдарға көше алмайды, Анкарадан қорқады. Әзірбайжан астанасы Баку Каспийдің жағалауында. Ол батыл қимылдарға көшейін десе, Ресейдің Каспийдегі флотынан сақтанады. Ол өтірік емес. Енді егер біздің астанамыз Алматы болып тұра бергенде, Қытайға жақын жерде тұр. Қырғызстан мен Өзбекстанға да жақын. Яғни шекараның маңында. Алда-жалда қақтығыстар туындап қалса, ол геосаяси орналасуы жағынан қиындық туындатар еді. Ал қазіргі астананың орналасуы тиімді.
Біріншіден, ол жұрт айтқандай тым солтүстікте емес. Орталықта. Батысқа, шығысқа, оңтүстік пен солтүстікке де тиімді жерде жатыр. Яғни орталықта орналасқан астана әскери қақтығыстар кезінде қорғауға тиімді. Себебі төрт бағыттан да алып қарасақ ұрыс даласынан қашықтау жерде орналасады. Әрине ұрыстан Құдай сақтасын.
Екіншіден, Астананы ауыстыру арқылы біз солтүстікті сақтап қалдық деп ойлаймын. Мүмкін бұл ойым тым пафостық естілер. Алайда солай сияқты. Астана ауысып жан жақтан қазақтар осы өңірге ағылды. Жұмыспен, бизнеспен. Яғни қазақ тілді орта артты, артынша қазақ мүддесі осы өңірге келді.
Үшіншіден, астана ауысуы біздің халықтың одан ары ұйысуына әсер етті деп санаймын. Қалай дейсіз ғой. Мысалы батыстан ұшып келіп, астанаға жұмысқа тұрған қызбен, шығыстан ұшып келіп, жұмыс істейтін жігіт бас қосып үйлі болады. Сөйтіп шығыс пен батыс орталықта тоғысады, солтүстік пен оңтүстік те солай. Жалпы бұл орталықта қазақты жинап, түрлі аймақтардың араласуына себепкер бола білді деп санаймын. Әрине ол функцияны басқа да астаналар шешетін еді. Бірақ жаңа астана ол міндетті сәтті шешуде. Аймақтардың араласуы, батыс қазағының шығыс қазағын тануы, дос болуы, солтүстік қазағының оңтүстік қазағымен құдандалы болуы маңызды. Егер аймақтар арасында тығыз байланыс болмаса, ал ел астанасы ол функцияны тиімді атқара алмаса, онда көршілес Қырғызстандағы аймақтар қақтығысы сияқты болады. Ол өте қауіпті.
Астана жайлы мақтау да, даттау да көп. Біреу оны әдемі дейді, енді бірі көп қаржы шашылды дейді, біреу ғимараттары қандай зәулім дейді, енді бірі ғимараттарында ұлттық колорит жоқ дейді. Бітпейтін дау ғой. Бірақ білерім біреу: астананы ауыстыру геостратегиялық дұрыс шешім бола білді.

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1312    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.10.2020, 09:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі
    30 Қазан, 08:53
    АНАМ КІМГЕ КЕРЕК?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30