Сен тұр - мен айтайын!

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде албасты басып, айғыр тістеп жүр ме?

  • Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде албасты басып, айғыр тістеп жүр ме?

    Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде албасты басып, айғыр тістеп жүр ме?

Әлде бір ғылым докторы туралы қазақша телехабар.


Ол доктор ауылда туып өсіп, қалада білім алып, ғалым болыпты. Орыс тілін білмегені үшін совет кезінде "күшігінен таланған" бейбақ болса керек.


Кейін үйреніп алған соң өз ана тілімен қатты өштескен сыңайлы. Алдымен, қызын сөйлетті. Онысы да әкесінің арқасында 2010 жылғы дүрмекте кандидаттық қорғап үлгеріпті. Қазақша қойылған сұраққа шатып-бұтып, орысша араластырса да ана тілінде жауап берген болды, обалы нешік.


Ендігі кезек әлгі "советский продукт" - шалдың немере қызына келді. Қос жанарында шаңырақтай көзәйнегі бар, тәуелсіздік жылдарында туып, өскен жап-жас қыз "дедушкасын" таза орыс тілінде мақтады. Қазақша сұрақтың өзін шала түсінеді. Жауапты тек орысша ғана қайтарады.


Сонда, қазақша сөйлеуге совет қоғамы ырық бермеді деп бар кінәні Брежневке жабатындарды тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде албасты басып, айғыр тістеп жүр ме?


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 4324    Пікірлер: 0

сенбі, 20.04.2019, 15:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар
    4 Мамыр, 10:49
    Қалжа ма, гүл ме?
    29 Сәуір, 11:02
    ТҰҚЫМЫ БӨЛЕК БӘЙГЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31