Сен тұр - мен айтайын!

Тәуелсіздіктің сыйы да, сиқы да осы...

  • Тәуелсіздіктің сыйы да, сиқы да осы...

    Тәуелсіздіктің сыйы да, сиқы да осы...

Сыйы ма, сиқы ма?
Балаларды аулаға (олардың тілімен - дворға) жіберердей кәдімгідей дайындаймыз. "Сонда оп-оңай жеңілетіндей, ілесе жөнелетіндей жігерсізсіңдер ме?" деп қайраймыз.
Кеше ұлым тарс еткізіп, бір ауыз сөзбен сілейтіп тастады. "Әке, ауладағы балалардың 95 пайызы орысша сөйлейді ғой" дейді. Біз жаңа көшіп келген жылдары шүпірлеген балақайлардың дені қазақша былдырлайтын еді...
Отырып алып, себебін іздедік. Бәріміз байқап жүр екенбіз: жас аналардың барлығы баласына орысша сөйлейді. Олар Тәуелсіздік дәуірінде дүниеге келді. Демек, отыз жыл бойы біз оларға Тәуелсіздіктің негізгі атрибутының бірі тіл екенін ұқтыра алмаппыз, сезіндіре алмаппыз.

Бір келіншек баласының тілі орысша шыққанын мақтанып айтады. Сөйтсе, "қолы тимейтін шаруақор" екен, сәбиіне You-Tube қосып беріп, мультфильмдерді жайып тастап, өзімен әуре болып кетеді екен. Сәби қазір шешесіне, үйдегілерге тек русча сөйлейді.
Кейде "тіліміз журналистерге ғана керек пе?" деп қиналып кетемін. Басқа саланың бәрі ресми тілге ыңғайланып алған, өз өрісін еш іздемейді. Калька ойлайды, сөйлейді, аударады. Есеп үшін ғана. Ағылшын, француз тілдерінен кітап аударып жатқан еңбегіміз еш болатын сияқты көрініп кетеді. Журналистердің де тілді айнадай ғып жатқаны шамалы, әрине...
Жас ана мен жас әкенің намысын оята алмаған өзіміз кінәліміз бәріне... Тәуелсіздіктің сыйы да, сиқы да осы...

www.facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1225    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.08.2020, 16:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30