Сен тұр - мен айтайын!

Тазабектердің желілерде қазақтарды жаппай діндарлауына тыйым салу қажет

  • Тазабектердің желілерде қазақтарды жаппай діндарлауына тыйым салу қажет

    Тазабектердің желілерде қазақтарды жаппай діндарлауына тыйым салу қажет

Дін саясат емес! Жастардың миын дінмен улағанды доғару керек!

 

Тазабектердің желілерде қазақтарды жаппай діндарлауына тыйым салу қажет.

 

Қажыға барса өзі үшін барды. Қажы болу -  министр болу емес, ол лауазым емес. Ол мұсылманның бір парызы ғана. Бар ақшасымен арабты байытып, қара тасты аймалап келушіге табыну қате пікір.

 

Намазды өзің үшін оқы, қажыға өзің үшін бар. Ислам діні ғылым мен техниканы меңгеруде  Батыстан жеңілді.

 

Жастарды дінмен қатар ғылым мен технологияларды, космонавтиканы меңгеруге шақыру қажет! Дінге шақырып қажеті жоқ, оған кейін өзі саналы түрде барады.

 

Құр Исламның кереметі, құр құранның кереметі қазақты байыта алмайды. Құр намаз оқып, жабдықта жүре берсек Ауғанстанның кебін киеміз.

 

Ертең Исламы жоқ Қытайдың жеміне айналамыз. Олар қарыштап дамып кетті. Үйткені олардың моллалары жастарға "Сендерге құдай өзі береді"  деп дуаламайды.

 

Мен ойдан шығарып отырған жоқпын, тарих көрсетіп отыр: Дінге қалыңдап кірген мемлекеттер дамудан қалып отыр.

 

Ия, келісемін: Құдай қажет. Үйткені сенетін, жамандықтан тежейтін күш керек. Сенім болмаса айуанға ұқсап кетеді адам.

 

Капица айтқандай: Адамды құдай емес, Құдайды адам ойлап шығарды, үйтпесе адамның адам болып қалуы қиын.

 

Дүмше моллалар, қисық және білімсіз уағызды доғарып, жастарды білімге шақырыңдар!!!

 

 

 

Шашубай Шаймерден

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2922    Пікірлер: 0

жұма, 14.05.2021, 22:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30