Сен тұр - мен айтайын!

Тек айлықпен ғана күн көрем деген адам ортасынан шеттеп, кедейлік кепке түседі

  • Тек айлықпен ғана күн көрем деген адам ортасынан шеттеп,  кедейлік кепке түседі

    Тек айлықпен ғана күн көрем деген адам ортасынан шеттеп, кедейлік кепке түседі

Осы күні ел қатарлы қызмет істеп жүрген адамның бала-шағасы барда жалғыз айлықпен күн көрем деуі екіталай. Неге десеңіз жалғыз айлық қалай тартсаң да жетпейді. Тек айлықпен ғана күн көрем деген адам ортасынан шеттеп, туыстан жырақтап, кедейлік кепке түседі. Күлкі болады. Сол себепті білдірмей 2-3 жұмыс істеу, біреудің жұмысын тындырып беріп ақы алу, күндіз оқытушы түнде күзетші, не такси жүргізуші болу, ақшасы көп қызмет үшін лауазымы барға жағымпазданып пара тығу әр жерде бар.

Айлық әлі өскен жоқ. 5-7 пайыз көтеріп, оны қымбаттау арқылы құнсыздану жалғасып келеді. Мұның түп себебі не десе ешкім жауап таппайды. Қоғам өзгерген жоқ. Халықтан ай сайын қанша жәрдем алдың деп есептейтіндер мемлекет қаржысының қайда кетіп жатқанын, желге ұшқанын, оның дұрыс келіп-кетуін қадағаласа аузы қисайып қалатын адамша тұқырайып "халық жауы болып кететіннен жаман" сасқалақ қағады.
Жемқор емес, адал шенеунік бүгін елге алтыннан қымбат. Алтынды жерден қалай қазып, елеп шығарса шенеунікті де солай жасап шығару керек екенін бірдеңеге соғылмаса істемейтін ақымақ баспен енді ғана түсініп келе жатқан сияқтымыз.

Келіс Рахымжан
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1452    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.01.2020, 12:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 09:57
    Сүю деген не өзі?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29