Сен тұр - мен айтайын!

"Тек өлген адам ғана батыр болады", - дейтін кеңестік түсініктен арылайық.

  • "Тек өлген адам ғана батыр болады", - дейтін кеңестік түсініктен арылайық.

БӘРІ ДЕ БАТЫР
Тараз маңындағы жарылыс кезінде менің інім сол маңда болған. Өз көлігімен Алматыдан Шымкентке қайтып бара жатқан болатын. Олар тура сол жарылыс болатын қойма маңында көліктеріне бензин құю үшін аялдайды. Қасындағы екі серігі де аяқ суыту үшін көліктен түседі. Сол кезде алғашқы жарылыс болады. Бір пәсте айналаның бәрі қара түнекке оранады. Май құю бекетінің тас-талқаны шығады. Шаң-тозаңнан бұлар да бір-бірін көрмей қалады. Екеуі көліктеріне мініп үлгереді. Үшінші серіктері жоқ. Апат аймағын артқа тастап, жолға шығады. Сол кезде үшінші жолдастарының жол бойымен Тараз қаласына қарай қашып бара жатқанын көреді. Ол жігітті мен де танимын. Жүректі болатын. Соның өзі әлгі алай-түлейде есінен айырылып қалған. Інім: "Біз сол от арасынан қашып бара жатқанда өрт сөндіруші көліктер бірінен кейін бірі әлгі от ортасына кіріп бара жатты. Нағыз батыр солар екен", - деді.
Иә, нағыз батыр солар. Ендеше батырларымызды бағалайық. Алаламайық. "Тек өлген адам ғана батыр болады", - дейтін кеңестік түсініктен арылайық. Аман қалған батырларымыз да өз бағасын алсын. Өмірден озған бауырларымызға мектеп, көше аттары берілсін. Кейінгі ұрпақ соларға қарап бой түзейді. Мемлекет те өз биігінен көрінеді. Президент те.

фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2599    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.09.2021, 01:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31