Сен тұр - мен айтайын!

Телефонның көмегімен тест тапсырып шыққандар қызметке араласқанда көп жемқордың бірі болады

  • Телефонның көмегімен тест тапсырып шыққандар қызметке араласқанда көп жемқордың бірі болады

    Телефонның көмегімен тест тапсырып шыққандар қызметке араласқанда көп жемқордың бірі болады

Өткен аптада мектеп оқушылары ақылы ҰБТ тапсырды.

ҰБТ тәртібі бойынша, телефон немесе басқа да көмекші құралдар алып кіруге болмайды. Бұл тестілеуде аспаннан сұрақ жаумайды, бәрі де балалардың 11 жыл бойы мектепте оқығаны, одан қалса соңғы бір жыл көлемінде күнделікті дайындалған сұрақтары келеді. Әр оқушы өзінің білім деңгейін көрсетуі тиіс. Алайда, балалар өзіне сенбей ме, әлде ата-ана баласына сенбей ме, жыл сайын неше түрлі "ноу-хау" шығып жатады. Соның ішінде ең көп тарағаны – телефон алып кіру "тәсілдерінің" түрленуі. Өткен аптадағы тест кезінде бір оқушы бұтына памперс киіп, телефонды соның ішіне салып алыпты, мәселен. Басындағы біліміне сенбейтін, өзіне сенбейтін адам ғана телефон алып кіреді. Бұл да қараулыққа, ұрлық-қарлыққа жатады. Дәл осы телефонның көмегімен, біреудің көмегімен тест тапсырып шыққандар күні ертең оқуын бітіріп, қызметке араласқанда көп жемқордың бірі болады.
Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смагуловтың жазбаларын үнемі қарап отырамын. Тестілеу барысындағы тәртіп пен тазалыққа қызмет етіп жатқандарын қолдаймын. Осы әрекетті бүкіл қоғам болып қолдасақ, жүйе өз-өзінен өзгереді.

Жұлдыз Әбділда
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 671    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.01.2020, 12:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30