Кеше екі-үш ескі дос жолығысып калдык. Бір досымыз темекінің өзін емес, зардабын тартып жүргенін айта бастады. Сосын ол,"осы темекіні қойсам, ұлан-асыр ас беретін шығармын," - деп еді, қасындағы досым қуланып, "ертерек қоймасаң, біз саған ас беретін шығармыз," - деп қойып қалды.))
Бұрын ауылда екі-үш ай ғана жағатын пештің мұржасын ағашпен шұқып, су құйып улап-шулап жүріп зорға тазартатын едік. Он екі ай бойы от жанып тұрган ауыздың ар жағында не болып жатқанын Алланың өзі ғана біледі. Қазір біздің экологиялық жағдай ушығып тұрғанда, «уланамын» деген адамға онсыз да «барынша жағдай жасалған» ғой. Оған қосымша арақ, темекі сиякты зиянды нәрселерді қоспаса да болады. Әсіресе аузындағы темекісі санынан жуан жас жігіттерді көргенде аяйсың, темекінің әр талын тартқан сайын ғұмыры күлге айналып бара жатқандай елестейді маған солар. Ешкімге ақыл айтпаймын, менікі ой бөлісу ғана. Дұрыс түсінерсіздер...
Мұхтар Ниязов
Facebook-тегі парақшасынан
Көрілген: 1611 Пікірлер: 0