Тепкен ер адам, ал ер адамды тәрбиелеген ер адам қайда?

19 мамыр 2022, 14:45

Әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау керек! 100% қолдаймын.
Бірақ, мен қолдамайтын бір дүние бар. Ол - ержетіп, отбасын құрып, өзімен-өзі болып кеткен баласының іс-әрекетіне отаны бөлек анасын кінәлі ету. Әлгі лифтіде әйелін тепкілеген жігіттің анасы баласын тепкілегіш болсын деп тәрбиелегеніне күмәнім бар. Ол да баласын адам болады деген үмітпен өсірген болар.
Өз басым осы күнге дейін баласын жаман болсын деп тәрбиелеп, қатігездікке баулып өсірген ананы көрмеппін.
Сондықтан да, айналайын әйелдер, жапа шеккен әйел үшін кінәні әйелден іздеуді қойыңдар. Тепкен ер адам, ал ер адамды тәрбиелеген ер адам қайда?

facebook.com парақшасынан