Сен тұр - мен айтайын!

Теріс ағымдар бүкіл қазақ қыздарын алып, қара ниһабқа орап тастағысы келеді

  • Теріс ағымдар бүкіл қазақ қыздарын алып, қара ниһабқа орап тастағысы келеді

    Теріс ағымдар бүкіл қазақ қыздарын алып, қара ниһабқа орап тастағысы келеді

Қарап отырсам, Теңіздегі жағдайдан кейін бәрі әйел тәрбиесімен, қыз тәрбиесімен айналысып кетіпті. Ақыл айтқыш еркек, диван батырлары көп-ақ. Біз негізі өте екіжүзді қоғамда өмір сүреміз. "Қыздарды сөйту керек, келіндерді бүйту керек" деп шұбар-шұбар мақала, пост жазып жүрген ағашкалардың біраз бөлігі шын өмірде сол жастарға теріс үлгі боп жүргендер. Үйлерінде қыз тәрбиелеп отырады, ал ұжымда жап-жас қыздарды белінен, қолынан ұстап, анайы әзілдерімен бәрін қарқ қылдым деп ойлайды. Харрасмент еліміз үшін өте өзекті мәселе! Бұл жабық тақырып. Оны қозғау қоғамға қарсы қылмыс. Біз патриархалды қоғамда өмір сүреміз. Қандай салада болмасын, бастық болған әйелдерге қарасаңыз, не біреудің әйелі болғаны үшін, не тоқалы (көңілдесі) болғаны үшін немесе еркекпен теңдей дәрежеде сөйлей алатын, жеке өмірін ұмытқан, ана болу бақытынан қол үзген жанкешті "юбкадағы Шварцнегерге" айналғаны үшін үлкен қызметке жеткенін байқайсыз. Қоғам сондай.

Харрасмент... ФБ-да қылжақтап отырады кейбір шалдар... Жас жігіттер де, орта жастағылар да үйде толғатып келіншегі отырғанына қарамастан, көзін сүзіп қояды ақ некеден үмітті бойжеткендерге. Қызды, әйелді жөнге салып, тәрбие көрсеткілерің келеді-ақ, ал өз нәпсілерің тәрбиеленген бе? Өз құмарлықтарың тізгінделген бе? Шешеңнің деп боқтанасыңдар, бірақ өз аналарыңа тіл тигізіп отырғандарыңды білмейсіңдер. Бәрің ақыл айтқышсыңдар. Тіпті, теріс ағымдар бүкіл қазақ қыздарын алып, қара ниһабқа орап тастағысы келеді. Сосын "4 әйел алу лимитінен" де асып 16 рет үйленгісі келеді... (көз алдымызда БАҚ- тан талай сорақылықты көрдік қой). Ешбір ағымға жатпайтындардың әйелге деген құрметі пафос сөздермен шектеледі. Болды!

Сондықтан айналайын әпке-сіңілдерім, харасментке жол бермеңдер! Ешкімнің сізге зат ретінде қарауға қақысы жоқ! Сіз Тұлғасыз! Ешкімнің де сіздің қолыңызды ұстауға, құшақтауға, басқа да теріс әрекеттер жасауға қақысы жоқ. Сотқа беріңдер. Прецедент жасаңдар. Қоғам сондай деп өз армандарыңнан бас тартпаңдар дегім келеді.

Жезөкшелер арабта, шешенде жоқтай басқа ұлттарды үлгі еткен посттарды көрсем, бәрін банға тығам. Ата-баба жолымен, өнеге-өсиетімен жүрсек, қазақтан таза халық жоқ. Абай атамыз айтқандай, күніне, аптасына, айына, тым құрығанда жылына бір рет есеп алыңыздар өздеріңізден. Еске түсіріңіздер, қанша қызға құрғақ уәде беріп, көз жасына қалғаныңызды... Содан кейін ғана қазақ қызының намысы туралы сөз ете аласыз ба, жоқ па, белгілі болады...


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 2419    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.07.2019, 21:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31