Теріс пікір айтуға дағдыланғаннан биополесі кірлеп кеткен жандардан қашыңыздар

10 сәуір 2021, 09:08

Ковидпен ауырып тұрған соң, баяғы баз қалпыма тез арада түсе қалам деу қате екен. Кей адамдарда “панические атаки” басталып, ол депрессияға ұласып, ішкі құрылыс, тамақ аурулары, жүрек, жүйке бәрі қозады дегенді есітіп жүрміз.

 

Міне, 4-5 ай болды Ақбереннің қан қысымы қайта-қайта көтеріліп, мазамыз кетті.

 

Шынымды айтсам, ковидке  дейін бір жерім ауырмақ түгілі, көп тұмауратып көрмеген адам едім. Ал соңғы 5-6 айдан бері үп еткен желге суықтап қала беретінді шығардым. Сондықтан, постковидтік кезеңде жақсы тамақ ішіп, жайдары көңіл-күйде жүріп, спортпен шұғылданып, санаторийлерде демалып, 1 жылға дейін күтініп жүру керек.

 

Жаман, жағымсыз жаңалықтар оқудан, адамдар туралы тек қана теріс пікір айтуға дағдыланғаннан биополесі кірлеп кеткен жандардан қашыңыздар,  бір сәт  елдегі-үйдегі күллі проблеманы ұмытып, негативтен аулақтау жүріңіздер.

 

Адам денсаулығы үшін аса маңызды факторлардың бірі - осы!

 

Еріккендер, ковидтің зардабын тартып көрмегендер сыртыңыздан: “мына проблеманы неғып көтермейсің, өтірік патриот, жалған ұлтшылсың” деуі мүмкін.

 

Не десе о десін!

 

Ең бастысы - денсаулық!

 

 

 

 

Дина Елгезек

Фейсбуктегі парақшасынан