Тезірек дамыған 30 елдің ішіне кірсек екен
Сәтпаев-Наурызбайда @True Man деген барбершоп ашылыпты. Сыртқы келбеті сұрапыл. "Жақсыны көрмекке" деп кірдік. 2 сағат жүріп отап тастады. Өзі де келіспей қалған бас қара жұмыртқа болды да қалды.
Енді сәл нелеу деп кірмей жүрген үйдің маңындағы "киоскіге" бара жатырмын. Шашымның ыңғайын білуші еді. Барбершоптың бүлдіргенін бір реттесе сол реттеп берер.
Ананың алғаны 5000, мынау шашың тобығыңа түсіп тұрса да 500 алады.
Бұл біздің елде түсінбейсің. Баға мен сапа келісе бермейді. 150 мыңға алған аяқ киімің 1 аптада табаны түсіп қалуы мүмкін, 15 мыңға алғаныңды 2 жыл киюің мүмкін.
Сосын не алсаң да, нешеге алсаң да өзі бола ма, болмай ма деп күмәнданып, көзің сығырайып тұрғаны. Тезірек дамыған 30 елдің ішіне кірсек екен))).