Сен тұр - мен айтайын!

Тигенді тиып қалу, соқтыққанды сойып салудан кенде емеспіз...

  • Тигенді тиып қалу, соқтыққанды сойып салудан кенде емеспіз...

    Тигенді тиып қалу, соқтыққанды сойып салудан кенде емеспіз...

Туған жерім Жамбыл облысы, Қордайға қарасты "Масаншы" ауылында болған дүрбелең кешеден бері тынышымызды алып, тынысымызды тарылтып отыр. Жан-жақтан түрлі видеолар келіп, жанымызды қуырғандай, қанымызды қоздырғандай әсер етіп болды. Қазақпыз ғой, "қазақтың ақсақалын сабапты" дегенде намысымыз ойнап шыға келгені рас. "Түннің кесірі бар" демей ме қазақ, бұл лап етпе ашу түндегі видеолардың әсері екенін таң ағараң бере байыппен ұғып отырмын. Қазіргі мәліметке сүйенсем, адам шығыны бар екен. Ұлтаралық қақтығысқа да ұқсайды. Біз өзі отыз жылдан бермен аялап келген тәуелсіздігіміздің бір ұстыны да осы қазақ пен өзге диаспоралардың татулығы еді ғой. Демек, бұл біздің жанды жеріміз. Дүнген бола ма, басқа бола ма, олар осы елдің иесі қазақ екенін ұмытпағандары абзал. Ал біз - қазақ, осы Ұлы Даланың мұрагері ретінде айналамызда топтасқан ұсақ ұлттардан шыққан кей тентекті тезге салуда шектен шықпасақ екен деймін. Қызды-қыздымен қиратпайық, күшейген болып күйретіп алмайық деймін. Әсіресе ақпарат таратқанда абай болайық. Осы жерде айта кетейін, "бұлармен қоса басқаларға да көкесін көрсету керек" дегендердің кеу-кеуіне келіспеймін. Біз елміз, мемлекетпіз. Заңымыз бар. Бұл заңға қайшы. Сосын "жаман ұлт болмайды, жаман адам болуы мүмкін" демей ме. Ендеше, нәсілі мұсылман дүнген ұлтының ішіндегі ізгілері де арандап, тасқын ашудың көшкінінде қалмаса екен. Біз қазақ өзі ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз ғой әуелден. Тигенді тиып қалу, соқтыққанды сойып салудан кенде емеспіз. Ал басты қасиетіміздің бірі - кез келген жағдайда байыппен саралап барып, сақтықпен іс қылу. Ел бір, Отан жалғыз. Иесі қазақ. Жеріміздің тұтастығы мен қауіпсіздігі әуелі қазақтың қамы.
Осы тұста мемлекеттік күштік құрылымдар да кінәліні тауып, лайықты жазасын береді деп сенемін. Президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы да мәселені лайықты түрде шешу үшін ситуацияны дереу қолға алды. Комиссия құрылды. Әр сөзіміз бен ісімізге есеп бере қадам басуымыз керек. Әуелі арандап қалмайық, сосын сан соғып отырмайық.
Ал бұл қайғылы жағдай енді қайталанбасын, қазақтың да, басқа ұлттардың да қаны төгілмесін деп Алладан риясыз пейілмен сұраймын.
Тілегім - татулық, батам - бірлік.

 

Мұхамеджан Тазабек
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1560    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.02.2020, 08:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30