Сен тұр - мен айтайын!

Тіл деп шырылдап жүргендердің де банкоматта орысша түймені басатынын байқап жүрмін

  • Тіл деп шырылдап жүргендердің де банкоматта орысша түймені басатынын байқап жүрмін

    Тіл деп шырылдап жүргендердің де банкоматта орысша түймені басатынын байқап жүрмін

Қазақ тілі банкоматта бірінші тіл болып тұр. Екінші - орысша, үшінші - ағылшынша. Соның өзіде қазақтар бірден екіншісін басады. Ондайды байқасам, айтып, түсіндіріп кеңесімді беріп тұрамын. Олардың осы тірлігімен өзге тілге қызмет ететінін ескертемін. Бір қызығы, орысшаны қатырмаса да орысша теретіндердің, тіл-тіл деп өздерінше шырылдап жүргендердің де орысша түймені басатынын байқап жүрмін. Айтсаң, "қазақшасы түсініксіз" дейді. Жәй сөз, әрине. Таяуда осындай бір оқиға болды. Банкоматта менің алдымда үш адам тұр: бір орыс, екі қазақ. Орыстың орысшаны таңдайтынына шүбәм жоқ. Ақшасын алып ол кетті. Артынан қазақ келіншек басты, әдейі қарадым - орысша. "Айналайын-ау, неге қазақшаны баспайсың?" дедім даусымды қатқылдау шығарып. "Түсініксіз" деді ме, әйтеуір міңгірлеп, ақшасын алып ол кетті. Осы уақытта банкоматтың қазақшасы сауатты екенін орысшасынан да түсінікті екенін айтып үлгердім. Үшіншісі, орта жастағы қазақ азаматы маған қарады да, "аға, қане көмектесіңіз" деп қазақша тетікті басып кеп жіберді. Ретімен басып жатыр, бәрі түсінікті. Менің көмегімсіз басып, ақшасын алып тұрып: "Рақмет, аға, шынында да түсінікті екен ғой" деп күліп қойды.

Көбісі солай ойлайды. Әйтпесе, банкоматтың қазақшасы түсінікті-ақ.


Дурәлі Дүйсебай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 718    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.05.2019, 10:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31