Сен тұр - мен айтайын!

Тіл, жер, тәуелсіздік мәселесінде отпен ойнауға болмайды

  • Тіл, жер, тәуелсіздік мәселесінде отпен ойнауға болмайды

    Тіл, жер, тәуелсіздік мәселесінде отпен ойнауға болмайды

Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы!


Ел биліктің әр сөзін аңдып, әр ісін бағып отыр. Дәл қазір піспеген шешімді асығыс қабылдай салатын кез емес. Елмен санаспаса, ортаға салмаса болмайды. Қоғамды дүрліктірген мәселенің бірі, мәдениет және спорт министрі болып кеше ғана тағайындалған Ақтоты Райымқұлованың қазаққа сіңіп кеткен аударма сөздерді қайтадан орысша нұсқасына ауыстырамыз деген шешімі.


Қоғамның талқылауына салмай, пікірін білмей бұлай істеуге оның моральдық хақысы жоқ. Онсыз да елеңдеп отырған елді, осы бір ойсыз қадам жайсыз күйге түсірді. Осының өзінен кешелі-бері «билік қазақты құртуға біржола көшті, тілден айыру – елден айыру, бұған шыдауға болмайды» деген сияқты пікірлер қызу талқыланып жатыр. Былайша айтқанда жоқ жерден мәселе шығарып, елдің наразылығын тудырып отырсыздар.


Сізге шынымды айтайын. Өз басым «сынып», «мұражай», «пайыз», «әнұран», «мұрағат», «мейрамxана», «қолтырауын», «ұшақ», «ақау», «әлеует», «ота» деген сөздерге үйреніп қалдым. Самоварды самаурын дейтініміз сияқты бұл сәтті аударылған, отыз жылдан бері санаға сіңген сөздер. Аударылғаны бар, ежелден қолданылып келе жатқаны бар, бұл сөздерге қазақ әбден үйренді.


Кеңестік дәуірде қалыптасқан аз ғана топқа қазақыланған атаулар ұнамайды екен деп ауыстыра салуға мен қарсымын. Басшы айтса болды ел қоштайды дегенді де қою керек.


Бұл шешімнен қайтпаймыз дейтін болсаңыздар, «класс», «музей», «гимн» деп өздеріңіз айта беріңіздер. Бірақ қазақша баламасына тиіспеңіздер. Гимн деп те, әнұран деп те айта берейік. Бұл тілімізді байытпаса кемітпейді.


Тіл комитеті, терминком, тіл институтының мамандары сіздерге бағынышты болғандықтан үнсіз келісіп отырған болар. Бірақ іштей олар да наразы.


Сондықтан тілді тұқыртып, елді түртпектей беруді қою керек. Тым болмаса елдің талқылауына салыңыздар. Жаны ашыған әр адам пікірін білдірсін, талқылауға қатыссын.


Тіл - ұлттың жаны.


Тіл, жер, тәуелсіздік мәселесінде отпен ойнауға болмайды.


Мәди Манатбек

Фейсбуктегі парақшасыынан 




Көрілген: 1189    Пікірлер: 0

жұма, 21.06.2019, 15:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31