Сен тұр - мен айтайын!

Тілді қорғау - дау, тілді дамыту дода...

  • Тілді қорғау - дау, тілді дамыту дода...

    Тілді қорғау - дау, тілді дамыту дода...

Бізде тілді қорғаушылар көп те, дамытатын адам тапшы.
Бұл бір жағынан дұрыс та. "Тіл құритын болды" деген байбаламдар тыйылады. Иммунитет қалыптасады. Қорғаушысы бар тіл жоғалмайды.
Бірақ ол дамуы керек қой. Қорғаушы ретінде біз түк те тартымды емеспіз. Не түріміз, не даусымыз жоқ дегендей))
Тілді қорғау - дау, тілді дамыту - дода.

Хантингтонның "soft power" - жұмсақ күші әлі де өзекті болса тілді дамытатын жалғыз жол - өнер.
Ютубта қазақ тіліндегі ел көретін жақсы блог жасау - өнер.
Қазақ тілінде қызықты вайн түсіру, соның нәтижесінде қыруар оқырман жинау бұл да өнер.
Жанар Айжанова ойнайтын сериалды менің орыс тілді туысқандарым түгел көреді. Қыран-топан болады. Түсінеді. Әншейінде түсінбейді.
Ninety One-мен неге алысқанымыз түсініксіз. Осы топтың жетекшісі "қазақ тілін трендке айналдырғым келеді" дегенін ешкім елеген жоқ.
Жалпы не нәрсенің қазақша жасалғанын қалаймын.
Тым тұрпайы болсын, аздап анайы болсын, сәл шектен шықсын, жарайды тым шектен шықсын, бірақ қазақша әрі сапалы жасалсыншы.
Орыстілділер ешкім мәжбүрлемей-ақ көреді мұны. Қазақша көріп отырмын деп те ойламайды. Бейсаналы түрде қабылдайды.
Жұмсақ күштің мақсаты да осы.

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 890    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.12.2019, 23:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 09:57
    Сүю деген не өзі?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31