Сен тұр - мен айтайын!

«Төле бидің басы бұл жақта емес, Ташкентте!» деп айқайлағың келеді

  • «Төле бидің басы бұл жақта емес, Ташкентте!» деп айқайлағың келеді

    «Төле бидің басы бұл жақта емес, Ташкентте!» деп айқайлағың келеді

Алматыға келгеніме 5 жылға жуық уақыт бопты. Маған дейін қалай болғанын білмеймін, бірақ мен келгелі бері Төле би көшесі бір тыным таппады. Жылда қазылады, жылда жабылады.
Бұдан мезі болған халық та: «Не атасының басын іздейді де жатады осылар?» &ndash дейтіндей болды.
Атасының басы демекші, бұлар әлде, расымен де, Төле би бабамыздың басын іздеп жүр ме? «Айналайындар, Төле бидің басы бұл жақта емес, Ташкентте, Ташкентте!» деп айқайлағың келеді кейде машинаның терезесінен басыңды шығарып жер қазып жатқандарға!
Не бәлесі барын білмеймін, әйтеуір жылда былтыр немесе оның арғы жылы қазып кеткен жерін қайта қазып жатады ғой адамды күйдіріп. «Күрегін ұмытып кеткен шығар» деп мазақ қылатын да болдық.
Осының кесірінен қазір «Төле би» дегенде Алматы тұрғындарында жағымсыз ассоциация қалыптасқандай... Осыдан соң, «бұл мәселені түбегейлі шешіп, Төле бидің аруағын риза қылатын бір ұрпақ табыла ма өзі?» дегің келеді.
«ӨЛІ РАЗЫ БОЛМАЙ, ТІРІ БАЙЫМАЙДЫ!» деуден басқа амал қалмады бұл әкімдіктегілерге! Байлықты айтсаң шешілер бәлкім бұл мәселе. Бірақ, біздегілер материалдық байлықтан басқа байлық тани ма өзі?

Салтан Сайранұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1442    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.12.2020, 10:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31