Төленген əр тиыныңызға кез келген жерде чек талап етуді əдетке айналдырыңыз

13 қараша 2018, 10:55

ЧЕК ТАЛАП ЕТІҢІЗ

Алматыдағы ІІ Темір жол вокзалындамыз. Кезек күтіп отырғанда ыстық шаймен бой жылытып алайық дедік те, асханаға бардық. Алған заттардың ақшасын төлеп болып, чек күттім. Маған дейін касса аппаратына ұрылған жоқ түсіп жатқан ақша. Кассадағы қыздан чек сұрадым. Ол аңтарыла қарады да, қуыста тұрған аппаратқа ұмтылды. Мені Салық комитетінен деп қалса керек сол жерде жүргендердің бəрі əбігерге түсті де қалды! Қаланың қақ ортасында тұр вокзал ғимараты. Мемлекеттік мекеме. Ал асханасында касса аппараты қосылмай тұр... Кез келген жерден чек талап етіңіз. Өйткені сіз төлеген ақша - кəсіпкердің кірісі. Ол кірістен салық төленуі тиіс. Салық дегеніңіз - тегін сапалы емхана, аурухана, тегін мектеп, əдемі қала, көркем көше, жақсы жағдай... Төленген əр тиыныңызға кез келген жерде чек талап етуді əдетке айналдырыңыз.

Нәзия Жоямергенқызы
Фейсбуктегі парақшасынан