Сен тұр - мен айтайын!

Торыққан науқастарды бұндай әңгімелермен әбігерге салуға болмайды

  • Торыққан науқастарды бұндай әңгімелермен әбігерге салуға болмайды

    Торыққан науқастарды бұндай әңгімелермен әбігерге салуға болмайды

Қазір індет кезінде бірдеме жазып көсемсу, шешенсу артық.
Сондықтан біраз болды бірдеңе жазуға еш зауқым жоқ. Күзге дейін тайм аут аламын деп отырмын.
Мен қазір тек қана осы кезде боянып сыланып әдемі көйлек киіп фото, видео салып жатқан қайғысыз, қамсыз адамдарды достықтан өшіріп тыныш қана отырған жайым бар.
Ауырып қиналып жатқан адамдарға тек жекеде өз ауырған тәжірибемді, қандай дәрі ішіп жазылғанымды айтып кеңес беріп қана отырмын. Оны ортақ пост қылып жаза алмаймын, себебі әр адамның клиникасы әр түрлі, біреуге ол ем жағады, біреуге жақпайды.

Алайда, меніңше дәрігер мамандар осындайда ауырғандарға ортақ бір нұсқа кеңес (памятка) беріп шығуы керек. Аурудан жазылғандар көп, біздің дәрігерлер соны негізге ала отырып бір көк парақ ортақ кеңес шығаратындай уақыт болды.
Өйткені дағдарған жұрт еміне не ішерін білмей жүр. Біреулер "қытай медицинасын салғызып жатырмын", тағы біреулер "корей медицинасын бастадым" деп ары кетіп қалды.
"Чеснок пайдалы екен","қымыз ішу керек"," "қой сорпасын ішу керек", "лимон ішу керек" деген әңгімелер тек қана науқастарды адастыру. Бұл дертке антибиотиктер мен екпелер ғана көмектесіп жатқанын ауырып шыққандар біледі. Сондықтан торыққан науқастарды бұндай әңгімелермен әбігерге салуға болмайды.
Меніңше, үкімет онлайн телефон желісін енгізіп телефондарға ақысын төлеп білікті дәрігер мамандарды отырғызса, ол телефондарға күні түні дамыл болмайтынына және ол телефондар мыңдарды құтқаратынына сенімдімін.
Себебі ауырған жұрт уже ауырып шыққандардан қалай емделіп шыққанын сұрап өздері дәрігер боп барады. Ем туралы, дертке шипа туралы мәлімет тапшы.
Білікті дәрігерлер кабинеттен шығып жүздерді емдемей қазіргі 21 ғасырдың жетістіктерін (интернет, онлайн телефон желісі) мыңдарды емдесе ол халыққа үлкен сауап болар еді.
"Шымшық сойса да оны қасапшы сою керек".
Қазір білікті дәрігерлер жұлынып шығып үлкен аудитория жинап атақты блогерге айналатын кез еді негізі, өкінішке орай оны көрмедім.
Байқап отырғаным: көңіл айтқан жұрт, ауруына шипа іздеп дағдарған адамдар, фотосын салған қайғысыз қамсыз қыз - келіншектер...


Олжас Әбіл
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 775    Пікірлер: 0

сенбі, 04.07.2020, 01:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31