Сен тұр - мен айтайын!

Той бітті, жалға алған сырға-сөлкебай қайтарылды. Ал кредитті әлі төлеп жатыр

  • Той бітті,  жалға алған сырға-сөлкебай қайтарылды. Ал кредитті әлі төлеп жатыр

    Той бітті, жалға алған сырға-сөлкебай қайтарылды. Ал кредитті әлі төлеп жатыр

 Президент той жайлы  арнайы айтпаса да тойдан шығып қалғандаймыз. Пандемия той үшін алашапқын болып дайындалу, ай бұрын кредит алып жүгіру, даңғаза, құрғақ кеуде, бәсеке дегеннің бәрі бос әуре екенін дәлелдеді.
Өз басым қарызданып той жасағанды қолдамаймын. Ал, байлығың тасып жатса, ақша өзінен өзі келіп жатса қалауыңша сауық сайран сал!
Өз туыс, таныстарым арасынан жастарға талай айттым "Тойға щақырылған 400 адамның 200-н бәрібір танымайсыңдар. Одан да ең жақын туғандарды шақырып, дастархан жайып, қалған ақшаға Еуропаны аралап, кемемен қыдырып, ел көріп жер көріп келіңдер. Әлде, магистратураға, "Болашаққа" оқуға түсіп, ел көр, жер көр, біліміңді өсіріп, мықты маман болсаң әлі мұндай тойдың талайын жасайсыңдар. Мұндай мүмкіндік әркез бұйыра бермейді" арасында келіскендері жоқ
Қазір маған 20-40 адамға арналған той ұнайды. Байлығы асқан той иесі мерекені шет елде өткізеді. Ең жақындардан артық ешкім жоқ. Қонақтарына жайғасатын отель, ұшаққа билетті де өзі алады

Бардың, қыдырдың, келдің.
Осындай бір той шілдеде бар еді, енді білмеймін не боларын?!
Әйтпесе, біздікі не тойға қиған 5млн 〒 үйге қимайды. Сосын үй-күйсіз жастардың бақыты ұзаққа бармайды, ұрыс-керіс, жас отбасын жоқшылық жағалайды. Нәтижесі, екі жаққа кетеді. Ажырасып кеткенімен артында тойдың кредиті қалғанын жазып көмек сұрайтын жастар өте көп
Әрине, келін кеткен соң ол несиені күйеу жігіт төлемей қояды немесе енесі араға түсіп, Өзі төлеп, сорлап қалсын! қарғап жібереді.
Мысалы, менің квартирант апайым болды. Өздері Тараз жақтан. Жақынымыздың баласы үйленеді деп 200 мың кредит алды үстімізге жөнді көйлек киіп барайық тойға беретін ақша бар деп кредитке көлік алды уақытша, Алматыда сүмірейіп жүр деп ойламасын деп.
Мен командировкадан келсем енем отыр "Әлгі менің алтын сырғамды сұрап алды, тойда жарқырап жүрейін деп"
Міне, осындай ессіз даурықпалар (понты) қазақтың той бизнесін көтеріп, халықтың әлеуметтік жағдайын түсіріп жатыр.
Той бітті, жылтыр көйлек шешілді, жалға алған сырға-сөлкебай қайтарылды. Ал, кредитті әлі төлеп жатыр.

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1898    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.06.2020, 20:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі
    30 Қазан, 08:53
    АНАМ КІМГЕ КЕРЕК?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30