Сен тұр - мен айтайын!

Тойда тамада болып жүрген театр актерін көрсеңіз, "шегіртке" деп қатты сынай көрмеңіз

  • Тойда тамада болып жүрген театр актерін көрсеңіз,

    Тойда тамада болып жүрген театр актерін көрсеңіз, "шегіртке" деп қатты сынай көрмеңіз

Бүгін бір әртістің 42500 теңге ала алмай, жалдамалы жұмыс іздеп жүргенін оқып қалдым. Осыдан бір жыл бұрын бір танымал актермен сөйлескенім бар. Атын айтпай-ақ қояйын, өзі теартда өнер көрсетіп, кинода ойнайды. Ел сыртынан оны бай, бақуатты деп ойлауы мүмкін, бірақ мүлде олай емес екен. Тым қарапайым күн кешеді.
"Театр және кино әртістері ел ойлағандай көп ақша алмайды" деді ол әңгіме барысында. Табыстары өте аз көрінеді. Голливудтағы актерлар бір кинодан миллиондаған доллар табыс тапса табатын шығар, біздің актерлар бірнеше жүз мың теңге ғана алады екен. Бір киноға. Әрине мықты жобаларға миллиондап алатындары да бар шығар, бірақ олар өте аз-ау.
Менің ойымша бұл қиын өнердің бірі. Әсіресе театр актерларының еңбегі мен маңдайы тері көп. Бір қойылымға дайындалу үшін қара шашыңды ағартып, әр сөзін жаттап, әр әрекетіңді пысықтап, әр қимылыңды реттеуге тиіссің. Өйткені онда кинодағыдай қате кетсе, жаңа кадрға түсу деген жоқ. Алдыңда тірі көрермен отыр, кинодағыдай экранның ішінде емессің. Сөйтіп жүріп, аз ғана қаржы алады. Жалпы бізде театр актерына деген құрмет аз сияқты. Қоғамда, билікте. Венада бір театрдың алдында халық топырлап тұрғанын көріп, жағым салбырап кеткен. Өнерге деген құрмет деп түсіндім. Әрине, оларда бұл ежелден келе жатыр ғой. Ондай аншлагты мен "Ақтастағы Ахикода" көрген шығармын. Адам көп жиналған.
Тағы бір айтарым мынау. Соңғы уақытта актерлік салаға әншілер, ой әншілер деппін ғой "орындаушылар" көп кіріп барады. Бұл да дұрыс емес-ау. Төрт жыл оқыған актердің орнын бір әнші алса, онда біреудің нанын тартып алғаны ғой. Журналистердің нанына, тележүргізушілердің нанына ортақтасқан олар, енді осы саланың нанынан да дәмелі. Бұл тұрғыдан министрдің арнайы қарап, "әркім өз саласында жүруі тиіс" деген сынды бірдеме шығарғаны дұрыс шығар. Әнші әнін айтып, биші билеп, күйші күй тартып дегендей. Әрине, өз ақшасына кино түсіріп жатса, жеке компанияда ойнаса, онда әңгіме бөлек. Бірнеше салада жүргісі келсе де мархаббат, тек шын талант болса ғой. Өкінішке орай осы уақытқа дейін мықты "актер(сымақ)әнші" гибридін көрмеппін.

Сондықтан тойда тамада болып жүрген театр актерін көрсеңіз, "шегіртке" деп қатты сынай көрмеңіз. Жақсы өмірден жүрмегенін анық.

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1100    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.07.2020, 09:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30