Сен тұр - мен айтайын!

Тойдың шығынына бүкіл ауданды интернетпен қамтуына болмас па еді?

  • Тойдың шығынына бүкіл ауданды интернетпен қамтуына болмас па еді?

    Тойдың шығынына бүкіл ауданды интернетпен қамтуына болмас па еді?

НАРЫНҚОЛ ШЫҢЖАҢ ЕМЕС...


Он күн ауылда демалып қайттық. Құдайға шүкір, елдің еңсесі көтерілген. Әжептәуір оң өзгерістер байқалады. Жақсылықты жырлар азамат аз емес. Сондықтан да біз сол ескі әдетімізше бірді-екілі олқылықты айтсақ, айып ете қоймассыздар.

Аудан бөлінгелі жыл жарым уақыт өтті. Бөлініп шыққан Кеген ауданынан жаңа ауданның халық саны екі есеге көп. Сөйте тұра ауданымыз әлі интернетпен қамтылмай отыр.

Интернетің не, жарық өшсе, беллаин мен активтің өзі істен шығып, байланыссыз қалады екенсіз.

ХХІ ғасыр. Аудан орталығы Нарынқолда жарты тәулік жарық болмай ел сабылып жүргенін көрдім. Одан бір күн бұрын бір жарым сөтке біздің ауылда да жарық болмады. Дәп бір тоқсаныншы жылдарға кіріп кеткендей болдым.

Сол жарық сөнген күні Жолан ағаға жолығуға аудандық әкімшілікке соқтым. Ағамыз денсаулығына байланысты емделіп жатыр екен. Өзім танитын әкім орынбасарлары да орнында жоқ. Мемқызметкерлер жарық жоқтығынан ба, әйтеуір босып кетіпті.

Жұмыстарым болып аудандық ауруханаға бардым. Онда да қарақұрым халық. Әр ауылдан келген жұртшылық жарықтың жанғанын зарыға күтіп жүрді.

Басқаны былай қойып аудан орталығында түнгі төрттен күндізгі бір жарымға дейін жарықтың болмауы қаншама адамның өміріне қауіп төндіретінін ешкім ойламай ма? Қапелімде бір адам соқырішек болып, онысы жарылып кетсе, оған жарық жоқ деп операция жасалмай ма? Ойлаудың өзі қорқынышты.

Қош! Енді интернетке келейік. Интернет жоқтықтан Нарынқолға кіре сала менің теле-2-ім "Қытайға қош келіпсіз" деп қарсы алады. Телефондағы сағатым әп-сәтте Бейжің уақытына ілгерілеп оза қояды. Бабаларым жүрген тұмса табиғатқа суретке түскен сайын "суретке түскен жерің Қытай" деп тағы жүректі ауыртады. Ол аз болғандай Қытайдың байланысына кіріп кетіп, қалтадағы бар қаржыңнан және айрыласың. Өтірікшінің куәсі қасында. Осы жолы қазақтың "нән ақыны" Тоқтарәлі біраз тиынынан қағылды.

Мұның бәрі идеологиялық тұрғыда біздің елдің қандай әлсіз мемлекет екенінің көрінісі.

Бүкіл Алматы облысына жеткен интернет Нарынқолға келгенде неге кенжелеп қалды? Баяғы қиын заманның өзінде Ақкердің шыңына теле-мұнара орнатып, бүкіл аудан жұртшылығын теледидар көрсеткен Әшімбаевтің ерлігін қайталайтын бір ұл тумағаны ма?

Туған күн қарсаңында той тойлауға құмар Нарынқол сол тойдың шығынына бүкіл ауданды интернетпен қамтуына болмас па еді?

Әрине, осы постың астына "2020 жылғы жоспар бойынша ауданға интернет келеді" деген секілді пікірлер жазылар. Сол себепті оған бірден жауап қатайық. "Нарынқол бұрын шалғайдағы бір ауыл болатын. Ауылдың интернетпен қамтылмауы соншалық үлкен проблема емес. Ал, қазір аудан орталығы. Бүкіл үкімет электронды жүйеге көшіп жатқанда ауданның байланыс жүйесі кенжелеп жатуы, соның салдарынан митинг (ҰБТ кезі) болып кете жаздауы (мазақы) атқа мінген әкімдерді түсінен шошып оятар кез жеткен жоқ па? Аудандық, ауылдық мекемелерде интернет бар. Бірақ, мемлекеттік мекемеде бар байланыс қара халықта неге жоқ?

Мұны бір мәрте сұрау бізге парыз. Амандық Баталов ағамыз осы ауданның еңсесі тік болуы үшін тер төгіп жүр. Сол төгілген терді ақтау үшін де Нарынқолға интернет тезірек жетуі керек емес пе, Galymurat Zhukel бауырым!

Он күн бойы түскен әр рәсімдегі "сіз бұл суретке Қытайда түстіңіз" деген жүрекке шаншу болып қадалған сөз үшін, бұл жерді интернет әлемінде қазақтікі ету үшін аз сөз шығындадық.

Мен енді Нарынқол шекарасынан шыққаннан кейін "Ыстық ұяңызға оралуыңызбен" деген смс-ті оқығым келмейді.

"Айшылық алыс жерлерден, Жылдам хабар алғызған" заманның ғажайыбы менің ауылымды хәм ауданымды айналып өтпеуі тиіс. Сондықтан да игі мақсатпен айтқан бұл сөзді дабырайтып, ештеңемен хабары жоқ әкейді мазалап, "балаң өстіп жатыр" деп "өтініш" айтуды әкім-қаралар қысқартса екен.

Менің ыстық ұям - Нарынқол.

Ол Нарынқол Шыңжаң емес. Қазақ жерінің бір бөлшегі.

Әл-әзірге осы. Дәл осындай оншақты проблема бар. Қажет деп білсем, алда оларды да айта жатармын...


Қанат Әбілқайыр

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 872    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.07.2019, 11:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31