Сен тұр - мен айтайын!

Тренинг өткізіп жатқан "данышпандардың" ақылын тыңдап, талай қазақ далада қалды

  • Тренинг өткізіп жатқан

    Тренинг өткізіп жатқан "данышпандардың" ақылын тыңдап, талай қазақ далада қалды

Бизнеске қабілеті бар адам табиғатынан көрініп тұрады. Бір жас жігітті танушы едім. Қияли. Өз əлемінде жүреді. Мүгедек, жетім бала. Мемлекет тегін үй берген. Қазір естідім: үйін сатыпты. "Бизнес бастаймын" деп жатыр екен. "Ештеңеге ұрынбай, ешкімге алданбаса екен" деймін. Еш болмаса, далада қалмай үй сатып алса деп тілеймін. Қазір түн, ертең сөйлесіп, ақылымды айтармын.
Өткенде бір кісі "Туыс əпкем өзінің, екі сіңлісінің үйін сатып жіберген. Үшеуі бір бизнес бастаймыз деп далада қалды. Қазір алды алпыстан асқан үш апалы-сіңлілі пəтер жалдап тұрады. Қартайғанда үшеуі бала-шағасымен қаңғырып жүр. Өзі үйін сатып, бизнес бастаса бастасын, банкрот болса, болсын, екі сіңлісін үгіттеп несі бар? Тауықтың миындай миы жоқ. Екі сіңлісі де аңқау. Үшеуінен де бизнесмен шықпайды. Бос. Жуас. Одан еден жуып не біреудің тауарын сатып, ақша таппай ма? Енді зейнетақысын пəтерге төлеп, несие төлеп, қартайғанда қаңғып жүр. Бизнесте несі бар? Зейнетақысын алып отырмай ма? Күйесің ғой, күйесің" деп еді.
"Бизнес баста!" деп тренинг өткізіп жатқан "данышпандардың" ақылын тыңдап, талай қазақ далада қалды. Өзіне өзі анализ жасай алмайтын, "ішкі фильтрі" жоқ адамдар қандай адам бизнесті дөңгелетіп əкететінін қайдан білсін?


Ая Мантай
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 809    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.06.2020, 09:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Шілде, 11:16
    Солар жазалансын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31