Сен тұр - мен айтайын!

Тірлігі таудай, бір сөзді, уәдеге берік азаматтар қайдасыздар?

  • Тірлігі таудай, бір сөзді, уәдеге берік азаматтар қайдасыздар?

    Тірлігі таудай, бір сөзді, уәдеге берік азаматтар қайдасыздар?

Сауран құрылыс базарының іші үлкен. Кейде сатып алатын материалың ауыр болған соң, көлікпен кіруге тұра келеді. Саудамды жасап қақпаға қарай бет бұрғаным сол еді шығар жақта жолды бөгеп рөлі оң жағынан орналасқан, жылы ескі ме, әлде темір тұлпарды сонша тоздырып жіберген бе бір көлік тұр. Тормозға басып тоқтауыма тура келді. Көлік жанында бес жігітке көзім түсті. Құлағымды амалсыз әңгімелеріне түрдім. Сөз ауанын түсінбедім, бар ұққаным бір бірімен ұрысып тұр. Кәдімгі қазақша айтқанда қатынша салғыласқан бес қазақтың азаматы. Біреуі сондайсың десе, екіншісі өзің сондайсың дейді. Аздап қысқа дабылмен бепілдеттім де жігіттер көлік кімдікі, алсаңдаршы жолдан десем, мені де бір боқтады. Көлік иесі ілмиген инеліктей шикісары, жас шамасы менің ұлымдай ғана болатын қазақ жігіті сөзімді құлаққа қыстырар емес, маған бір қарады да кідіңдеп ана жігіттерді үркітіп тұр. Сөзбен!!  көзіме кекселенген, ішіне ас жұқпайтын, жүрген жеріне шөп шықпайтын, көкбет қатын елестеді. Өзгелері де шақылдап оған жауап беріп қайтар емес. Сөйтіп бес бетпақ жігіт жолымнан он минутқа қалдырғанымен қоймай мені боқтап, өздері боқтасып айыздары қанып, сызданып көлікке енді отырып, орнынан жылжи бергенде бір көлік арт жағыма тоқтады. Жыным ұстап тұрса да әйел екенім есімнен шықпады. Әйтпесе, мұрындарын бет қылар ем шәуілдескен иттердің. Тіреліп тұрған кептелісті көре тұра ана машина соңыма кеп тұр. Ол да қазақ!! Енді ана жолды ашу үшін бірінші көлік алға беріп мен артқа жылжуым керек. Артымда тұрған көліктің иесі қозғалар емес. Ол аздай кіжініп боқтап тұр. Кімді?? Неге? топастың ісі екені миғұла басына кірер емес. Өзінің сорлылығын көрсетіп боқтап тұр. Жаңағы жігіттердің орнында болсам көліктен түсіп еркекше айтқанда маңдайын ұрып таңдайын түсіріп шаруамды тындырар ем. Не еркекше үндемей ғана жұмған ауызды ашпай кетер ем.. шәңкілдек жігіттермен шақылдақ өсекші азаматтардан қарын ашып, ашынып қайттым... Айтатындары өсек, аңдығаны қатын, әңгімелері ұсақ, тірлігінің түрі анау...
Біздің елдің жігіттері әбден біткен екен ғой. Жайымды ұғар ел қайда, қайғымды ұғар ер қайда деп жоқтайтындай екен ғой?  Тірлігі таудай, бір сөзді, уәдеге берік азаматтар қайдасыздар?

facebook.com




Көрілген: 1727    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.09.2020, 22:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31