Сен тұр - мен айтайын!

Түйені түгімен жұтып, ықылық атып отырса да тоймайтындар жүр, жалақтап...

  • Түйені түгімен жұтып, ықылық атып отырса да тоймайтындар жүр, жалақтап...

    Түйені түгімен жұтып, ықылық атып отырса да тоймайтындар жүр, жалақтап...

 Барлық нәрсенің бас-аяғы болатыны рас болса, соңына келген шығармыз! Осымен тоқтаса екен. Не айта бересің? Бәрі де ап-айқын көз алдыңда өтіп жатыр. Қолынан келген адам айналасына жақсылық жасап, қолынан келмегені тілеуін тілеп, Құдайдан жақсылық сұрап отыр. Бір жақсы көретін ақын сіңлім парақшасына: "Қай жерде жаңылдық екен?" деп жазыпты. Ойланатын сөз. Әр адам өзіне осы сауалды қоя алса... Себебі бұл індет адам таңдап жатқан жоқ. Кәрі де, жас та, бай да, кедей де, зиялы да, ғалым да, ақын да, ұстаз да, тіпті өлім мен өмір арасында күні-түні арпалысып еңбек етіп жүрген дәрігер де... Қандай ой түзіп, кімге қандай сөз айтарыңды білмейсің. Жұрттың көз жасынан ақша жасаған да, еңіреген елдің зары шыбын шаққан құрлы әсер етпейтін пайдакүнем де, жұрттың наласын арқалап “адаммын” деп отырған да, бәрі осы алаңда. “Ел иесіз емес қой” деуші едім... Бірақ дәл қазір өзімді, айналамды Иесіз қалғандай сезініп тұрмын. Мұндайда тағы да “Бір Құдай ғана пана” дейсің.
Ау, адамдар, жандарым, бәрі жақсы болады деп сенейік. Ауырғандар жазылсын. Өмірден өткендер иманды болсын. Айналып келгенде қара бастың қамынан арыға аса алмайды ел, әркім өз басын ойлайды. Бұл да дұрыс шығар?! Ең болмаса, Өзіңді, отбасыңды сақта. Айналамызда бейберекет жүргенді тоқтатып, “мына жүрісің не?” деу де дәл қазір үлкеен көмек боп қалды!
Мен кейде адамгершілік дегенді қарапайым ғана адамдардан көп көрем. Солар мені тәрбиелейді. Аноу елдің алдында “менмін” деген шенділер емес, жай жұрттан көрем адамдықты.
Қолдан келгенше тыныш отырғанымыз жоқ. Біреуіне бір түйір дәрі, біріне ас-ауқат, біріне тағы керегін тауып берсем де көмек болар деймін... Бес баласы бар, үйі жоқ, өзі перзентханадан кеше шыққан ана мынадай хат жазып жіберіпті. Күйеуі ауырған, оның үстіне мүгедектігі бар екен...

Алабұртып отырған қам көңілді осы төрт қатар сөз босата салды. Қанағат деген осы Көп түссе 50 мың түскен шығар, бір апталық азық-түлік, дәрі-дәрмегін алған шығар, бірақ соған да алғыс айтып “қалған көмекті өзгелер көрсін” деп отыр. Парадокс! Түйені түгімен жұтып, ықылық атып отырса да тоймайтындар жүр, жалақтап... Ұятсыыз өздері. Жүрегі, жаны, миы бәрі темірге айналып кеткен дерсің!
Бір адамды танимын. Өзінен өзгеге сөз бермейтін, жүрген жерінде береке жоқ. Өсек-аяң, интрига, ұрыс-жанжал, біреудің мінін теріп, сөз тасиды да жүреді, ылғи. Адам сүйер бір қылығы жоқ. Бірақ ол өзін керемет санайды. Өкінішке қарай, біздегінің көбі осы кейіпте. 

 




Көрілген: 1157    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.07.2020, 19:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30