Біздің факультетте жасы жетпіске жақындаған, шашы аппақ қыраудай, бір аяғын сылтып басатын ғалым ағай бар. Атақты физик. Бүгін сол кісімен еркін тақырыпта әңгімелесіп қалдым. Тамақты өзім жасаймын дейді. Мен таңырқай қарадым. Сөйтсем, әйелі инсульт алып, төсек тартып жатқалы 16 жыл болыпты. Жарының бүкіл күтімін өзі жасайды екен. Он алаты жыл бойы ай сайын массаж қабылдап, күн сайын дәрі ішіп келеді. Еміне ақша керек болған соң жастармен жағаласып әлі жұмыс жасап жүрмін дейді. 11 жылдан бері танитын ағайымды басқа қырынан танығандай болдым. Осы кезде мен жастарды ойладым. Қазір елімізде 3 отбасының біреуі ажырасып кетіп жатыр(статистика). Көбісі түкке тұрғысыз себептермен айырылысып кетеді. Осындай жастарға мен айтып отырған қарапайым бір физиктің махаббаты үлгі болса ғой.
Казырет Бердихан
Фейсбуктегі парақшасынан