Сен тұр - мен айтайын!

Тұлғалар ғана миллиондар айта алмайтын, айтса жүрегі тоқтап қалатын шындықты айтады

  • Тұлғалар ғана миллиондар айта алмайтын, айтса жүрегі тоқтап қалатын шындықты айтады

    Тұлғалар ғана миллиондар айта алмайтын, айтса жүрегі тоқтап қалатын шындықты айтады

Мен неге осындаймын? Менің қай жерім дұрыс емес? Мен неге жұрт сияқты тыныш жүре алмаймын? 

Кейде мені осындай сұрақтар мазалайды.


Рас, мен үнемі тыныштықты бұзып жүремін.


Сенің атың кім десе, менің атым қиянат пен әділетсіздікке ешқашан көндікпейтін адам деп айтуға болады. Сондықтан мен қиянат жасалған жерде бірінші қарсылық көрсетушілердің қатарынанмын!


Үндемей өмір сүру - өте қолайлы. Көптің тасасында тығылып алып, бәлесінен аулақ деу - маған тән емес. Өйткені мен өзімді қатты құрметтеймін.


Менің миссиям – көп адам ойлайтын, бірақ ашық түрде айтуға қорқатын, бата алмайтын, һәм батылы жетпейтін дүниелерді көпшілік алдында жария ету.


Билікті уысында ұстағандарға миллиондар қарсы шыға алмайды. Миллиондарды тек жекелеген біреулер ғана соңына ерте алады. Тұлғалар ғана миллиондар айта алмайтын, айтса жүрегі тоқтап қалатын шындықты айтады.


Бізді көп адамдар жүрек жұтқан батыр деп ойлайды. Олай емес. Сізді билейтін қорқыныш бізді де билейді. Бірақ біз басқаша істей алмаймыз. Басқалар төзген әділетсіздікке, сен көндіге алмайсың. Құрбан боласың.


Үнсіз қалу – қолайлы. Ешнәрсені өзгертпеу, бұрын қалай болды солай қалдыру – оңай әрі ыңғайлы. «Сен тимесең, мен тиме бадыран көз». Кейде «сен тисең де, мен тимен» деңгейіне жетеді.


Мен үшін шындық – қымбат. Мен үшін шындық – аяулы. Сондықтан мен әділеттілік жеңу керек деп есептеймін. Ол үнемі жеңу керек. Ол көп варианттың тек анда-санда болатын бір варианты ғана болмау керек.


Шындықты қалыпты жағдайға айналдырайық.

Ол үшін үнемі мен ғана бірінші болып самолеттен секірмеуім керек. Мен ғана ол қорқынышпен күреспеуім керек. Мен ғана үнемі таяқ жемеуім керек.


Сен де менің қатарыма тұр.


Сонда ғана сіз ықпалды тұлғаға айналасыз. Ықпал ету жағынан мүмкін бесінші, мүмкін екінші, мүмкін біріншісі боласыз. Және одан да маңыздысы – ықпалды адамдар бірігуі керек. Сонда ғана олар үлкен күшке ие болады.

Сондықтан мен сіздерді ыңғайлы, жылы орныңыздан, яғни комфорт зонасынан шығуға шақырамын.


Шығыңыз ол жерден! Сізге ыңғайлы болғанмен, ол осы қоғамда болып жатқан озбырлыққа орасан зор үлесін қосып жатыр.


Шығыңыз ол жерден!


Төзбеңіз әділетсіздіке! Жемқорлыққа, бір бюрократқа табынуға, басшылықтың ойына не келсе, соны істеуіне, заңды беліне басуына қарсы шығыңыз!


Сізге Құдай таңдау құқығын берген. Бұға берсең, сұға береді. Өмір бойы басыңызды бір көтермей өтуге немесе парашютпен самолеттен бірінші болып секіруге! Қорқынышпен бетпе-бет келіңіз. Көзіне тура қараңыз.


Сіз сол кезде ғана қанатсыз ұшудың ләззатын сезінесіз.


Иә. Мен үнемі тыныштықты бұзып жүремін. Өйткені менің жаратылысым басқаша істей алмайды.


 


Tanagoz Tolkynkyzy

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 981    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.10.2019, 11:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30