Сен тұр - мен айтайын!

Түлкібаста не істеп жүрсің? Сенің орның – Жапония!

  • Ғалым Боқаш

    Ғалым Боқаш

КазГУ-дің шығыстануына түсіп, екі-үш жылды артқа тастап, сақа студент образына енген кезіміз. Жапон бөлімінде оқитын, Құдай тіл мен жақты сұрамай бере салған досымыз Батырхан бірінші курстың қыздарын төңірегіне иіріп алып, түгел аузына қаратып әңгіме айтып отыр. Диалог шамамен мынадай:


- Батырхан аға, неге осы оқуды таңдадыңыз, соны айтып беріңізші?

- Өте жақсы сұрақ. Мектепте жақсы оқығаныммен мамандық таңдау туралы терең ойланып көрмеген екем. Мектеп бітіру кешінде кластастарым "ұшқыш болам", "инженер болам", "әкім болам", "дипломат болам" деп жарыса жоспарларын айтқанда көңілім нілдей бұзылып, басым салбырап үйге қайттым.

Төсекке етпетімнен құладым. "Ал мен кім болам?" деп өзіме қайта-қайта сұрақ қоям, құрғыр дайын жауап көкірекке келмейді. Өксіп жылап жатып ұйықтап кетіппін. Түсімде әппақ шарбы бұлттардың үстінде көкте жүр екем. Алдымнан бір ақ сақалды, ақ киімді адам шыға келді де, үсті-басыма сынай қарап: "Балам-оу, Түлкібаста не істеп жүрсің?! Сенің орның - Жапония" деді. Зор дауысы жаңғырып, құлағымды жарып жібере жаздады. Есімді жиып, әрең тілге келіп амандасайын десем, әлгі сұлба әп-сәтте көзден ғайып болып алыстап барады. "Ойбай, ата, тұра тұрыңыз! Жапонияға бару үшін не істеуім керек?!" деп айғайлап жібердім. Алыстан: "КазГУ-у-у" дейді. "КазГУ-де факультет көп қой?!" Әлгі кісінің қарасы бұлдырап жоқ болуға жақын қалған. "Шығыстану, шығыстану, шығыстану..." деген әлсіз ғана жаңғырған дауысы жетті. "Ойбай-ау, шығыстануда да бөлімдер көп қой?! Қайсысы-ы-ы?!" деп шыңғырдым келіп. Үн жоқ. "Қап, кешіккенім-ай, сорлы басым-ай?!!!" деп өкіріп жылап едім, қалың бұлттың арасынан жаңағы ақ киімді ақсақалдың немересі ғой деймін бір бес жасар бала жүгіріп шықты да, тақ-тақ етіп: "Шығыстану факультетінің жапон тілі мен әдебиеті мамандығы. Құжаттарды қабылдау шілденің 7-сі аяқталады" деп атасының артынан қайта шауып кетті. "Уһ!" дедім.

- У-у-уһ, аға, қандай керемет түс! Өзіңіз де бекер адам емессіз ғой. Қыдыр Ата ғой көргеніңіз.

Ары қарай Бәкеңнің қолпаштаушылары оның жаңа ғана ойлап тапқан аңызына жан-жақтан сүйсініп көздеріне жас алып жатады. Біз болсақ күлкіден жарыла жаздап әрең тұрамыз...


Ғалым Боқаш

Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 1565    Пікірлер: 0

жексенбі, 30.11.2014, 08:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар
    4 Мамыр, 10:49
    Қалжа ма, гүл ме?
    29 Сәуір, 11:02
    ТҰҚЫМЫ БӨЛЕК БӘЙГЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31