Сен тұр - мен айтайын!

«Тұрақ қызметкерінің қара жерді бояған қанының құны қанша?» - дегенге бас қатырмайтын секілді

  • «Тұрақ қызметкерінің қара жерді бояған қанының құны қанша?» - дегенге бас қатырмайтын секілді

    «Тұрақ қызметкерінің қара жерді бояған қанының құны қанша?» - дегенге бас қатырмайтын секілді

"Алтын ордадағы" төбелес, дұрысы, тұрақ қызметкерінің таяқ жегенін сан-саққа жүгіртіп жатыр. Сауап деушілер де аз емес, бірақ, екінші тараптың бейпіл сөйлеуге бейім екенін елеуші аз. Нах, пох, деп кеуделеп жүреді екен. Одан кейін басқа базарға барса да елмен ерегескенді әдетке айналдырған ба, дедім. Парақшасында әлдебір алма сатқан адамға кіжініп, "Если бы не дочка на руках, я тебя там порвал, с.ка. Ср.ть я на тебя хотел" деп кіжінген видеосы жүр. Төбелес те сол ауыздан шыққан "ақ ит, көк иттен" басталды. Сондықтан 100 теңге сұраған жігітті жазғырмай тұра тұрыңыздаршы?! Сосын бұған бір Шелубей мен Пересветтің жекпе-жегіндей сипат бермеңіздерші, жетіскен адам ақ қар, көк мұзда, аптап пен жаңбырда әр көліктен жүз теңге жинап жүрмейді. Бұл жерде ұлттың қатысы жоқ, бұл жерде бар мен жоқтың қағысы болды. Тиын санап жүргенге жиырма мыңды майдала деген талап содан шығады. Ана жігіт жұрт жабылып көлігімді майыстырды, пәленше мың депті, ал "тұрақ қызметкерінің қара жерді бояған қызылала қанының құны қанша?" - дегенге аса бас қатырмайтын секілді. Әлі жеткенді әке-шешеден боқтап, "аспабын" саптап жүріп әділдік туралы әңгіме айту да дұрыс іс емес. Екі тарапты да жақтамаймын, полиция тексерер, тек қан-жоса боп талып жатқан тұрақ жұмысшысының суретін және оны табалағандарды көріп, жаным ауырды. Сол жүз теңгенің он теңгесі ғана балаларының ырзығы ғой...

Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2493    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.04.2021, 09:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31