Сен тұр - мен айтайын!

Түркістан ешқашан Венеция болып кете алмайды

  • Түркістан ешқашан Венеция болып кете алмайды

    Түркістан ешқашан Венеция болып кете алмайды

Үнемі еліктеумен өмір сүрген кезде адам баласы өзінің Құдай берген ерекшелігінен, өзгеге ұқсамайтын бітім-болмысынан айырылып, түбінде соның түкке тұрмайтын көшірмесі болып қалады екен. Түркістандағы Венецияны көргенде осы еске түсті.

 

Өзінде бар нәрсенің қадірін білмей, өзгенің қаңсығына құмартып тұратын осындай жаман әдет біздің қоғамда белең алып барады.

 

Қанша жерден әлем-жәлем қылсаң да, Түркістан ешқашан Венеция болып кете алмайды. Екеуі екі бөлек әлем, екі бөлек мәдениет.

 

Венеция тіпті Италияның мәдениетіне де жатпайды. Венеция өзі бөлек жатқан, батыс пен шығысты бірдей еміп өскен өзгеше әлем ол. Сондықтан оны сол кездегі христиандардың өзі сәулетіне, осындай ерешелігіне қарап «сарациндар қаласы» деп атаған екен. 

 

Венецияны Венеция қылған – оның қолөнері, архитектурасы, экономикасы, флоты болатын.

 

Түркістанды алдымен сол жағынан дамытып алсаңдаршы, тағы да тойхана салғандай болмай. Сонау жерден туристер Түркістанға Венецияның (жалкий) көшірмесін көруге келмейтін шығар?)

 

Түркістан – Орталық Азия үшін, бүкіл түркі әлемі үшін сакральды орын. Одан жылтыраған бір көшірме жасамай, осы қасиетін, осы ерекшелігін ары қарай дамыту керек.

 

Соңғы кезде әлеуметтік желіде де, Ютюбта да  Тұран бірлігін, түркілер одағын құруды аңсайтындардың қарасы көбейді. Әзірбайжандар, құмықтар, қарашайлар мен балқарлар, татар, башқұрт бауырларымыздың Қазақстанды соның орталығы ретінде көргісі келетінін байқап жүрмін.

 

Осындай амбициясы тұрғанда, аты дардай Түркістаннан айдаладағы Венецияның жалкий көшірмесі жасаудың түк керегі жоқ!

 

 

 

Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2370    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 20:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31