Сен тұр - мен айтайын!

Тұтастай ұлттың тарихи құндылығына жасалған қиянат...

  • Тұтастай ұлттың тарихи құндылығына жасалған қиянат...

    Тұтастай ұлттың тарихи құндылығына жасалған қиянат...

ҰЛТТЫҚ ОЮДЫҢ ДЕҢГЕЙІ ОСЫ МА


Осыдан біршама уақыт бұрын Алматы қаласында ұлттық ою-өрнекпен безендірілген қоқыс жəшіктері орнатылып, көпшілік сынына ұшыраған еді. Қазақтың дәстүрін, тарихын бейнелейтін бұл сызбалар əу басында қоқыс тастайтын урна не əжетхана қабырғасын əсемдеу үшін жаратылмаған. Ұлттық ою ертеден ұлықталып, қазақтың төрінен орын алған.
Қайдан құлақ шығарса қазаншының өз еркі, демекші өзінің жеке меншік дүкені жанына "ұлттық урна" орнатқан солнечныйлық кəсіпкер бұл дүниеге мəн бермеген шығар. Бірақ данасын 16 520 теңгеден сатып, тек қана қалта қамын ойлап отырған "Zeta" басшылығы бойында ұлттық рух пен намыстың табылмауы кісі көңілін қынжылтады. Көрінгенің тастап кеткен темекі тұқылымен түкірген наспайын жинап тұрған қоқыс жəшіктерінің ұлттық ою-өрнекпен əсемделуі тұтастай ұлттың тарихи құндылығына жасалған қиянат секілді.

Қазақ оюының деңгейі қоқыс жəшігі дәрежесіне түсуі ойы бар жанға ойланарлық ақ. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтамай ұлт болып мүмкін емес. Ал, ұлттық құндылықты ұлықтау - қоқыс жəшігінен басталмайды...

   


Қожакелді Алданов
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1222    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.06.2020, 10:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Шілде, 11:16
    Солар жазалансын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31