Сен тұр - мен айтайын!

Тұтынушылардың шағымдарын қанағаттандырар құзіреті бар комитет сияқты бірдеңе құру керек

  • Тұтынушылардың шағымдарын қанағаттандырар құзіреті бар комитет сияқты бірдеңе құру керек

    Тұтынушылардың шағымдарын қанағаттандырар құзіреті бар комитет сияқты бірдеңе құру керек

Бұл Қазпоштаның үстінен қайда шағымданса болады екен. Бәсекелес болмағандықтан, хат-хабар, сәлемдеме атаулыны жіберушілер апталап, айлап күтеді. Ал курьерлік жеткізу қызметін айтудың да қажеті жоқ. Апарғылары келмесе, адрес дұрыс көрсетілмеген деп қайтара салады, неге өйттің деп жатқан, тексеріп жазалап жатқан басшылық жоқ.
Жалпы, Қазпоштаға бәсекелес, сапалы қызмет көрсететін бір құрылым керек-ақ. Немесе түбегейлі реформа жүргізіп, жұмыс тәртібі мен сапасын қадағалауды жүзеге асыратын, тұтынушылардың шағымдарын қанағаттандырар құзіреті бар бір комитет сияқты бірдеңе құру керек. Әйтпесе, мынау қазіргі жағдай мүлдем төзгісіз жайт. Білгендерін қылып қашанғы жүреді. Мынадай бір жағдайды айтты бір таныс адам: әлдебір адамның отасына қажетті хирургиялық құралдарды жедел жеткізу керек, үш күннен кейін жасалуға тиісті адамға жеткізілуі тиіс деп бір кісі тапсырыс беріп жатыр. Пошташы қыздар "болды, уайымдамаңыз, жеткіземіз" деп қабылдап жатыр. Ал менің "тапсырысыңызды алып кетіңіз, одан да таксимен бе, пойыз арқылы ма, әлде ұшақ арқылы ма жіберіңіз, тек пошта арқылы емес" деп айғай салғым келді дейді. Өйткені, қанша шұғыл деп тапсырыс бергенмен, оның дүниесі, өлдім дегенде екі апта жүретінін ішім сезіп тұр ғой дейді.

Бейбит Мекеев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 822    Пікірлер: 0

жұма, 12.03.2021, 08:42

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31