Сен тұр - мен айтайын!

Тыңдаушыға жалаңбұт шықсаң да бәрібір...

  • Тыңдаушыға жалаңбұт шықсаң да бәрібір...

    Тыңдаушыға жалаңбұт шықсаң да бәрібір...

Қит етсе болды, ән жазғызудың өз машақаты болатынын, сахналық костюмдердің арзан емесін айтып шағымдана жөнеледі эстрада әншілері.

Солардың әлем-жәлем киімі кімге керек? Сән көрсетіп жүргендей ауыстырып қырық көйлек киіп шығуды көрермен талап еткен жоқ, өздері ғой бірінен-бірі қалмай бәсекелесіп жатқан...

Тыңдаушыға бәрібір, жалаңбұт шықсаң да, дамбалыңды басыңа орап шықсаң да бәрібір. Тек миыңның бір бұрышында тұрақтап, жүрегіңе кіріп кететін ғажайып әуен болса, әсерлі ән, жаныңды тебірентер сұлу мәтін болса, сосын сенің табиғи дауысың болса, жетіп жатыр! Алақанға сап аялап аспанға көтереді сонда сені.

 

Жеті жоқты айтып зарланғаның түкке керегі жоқ. Жайшылықта хан сарайындай үйіңді, алтын жалатқан ыдысыңды көрсетіп мақтанғанда бәледейсің... Енді не көрінді? Ұлттық киімнің біреуін қатырып тіктір де екі сағат концертіңді бер де, кет!

Әніңді құмардан шыққанша айт, бірақ аузыңды ашып сөйлей көрмеші, тілеуіңді бергір! Әні кімдікі, сөзін кім жазды, соны айт, болды! Басқа сөздеріңді тыңдауға құлағымды аяймын.

 

Кейінгі 30 жылда шыққан Шәмшінің, Нұрғиса-Әсеттердің, тіпті бүгінгі Қалдыбектің әніндей әндерің бар ма өзі? Кейінгі ХХІІ ғасырға кететін? Жоқ па? Үндеме онда, үндеме! Сөйлемегін!


Айгүл Болатханқызы
Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 1140    Пікірлер: 0

сенбі, 02.05.2020, 21:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31