Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тыңдайтын, оқитын, ешкім болмаған соң, əлгілер иттей болып өздері-ақ қояды...

25 сәуір 2019, 10:59

Жас кезімізде,вечерден шыққаннан кейін міндетті түрде төбелес болатын. Əуелі вечердің соң жағына таман,қызып алған жігіттер бір-бірімен, сөзбен байлана бастайды. Содан-ақ,кіммен-кім төбелес болатынын сезесің. Отырыс бітіп далаға шыққан соң,əуелі əжүк-гүжік сөзге келеді. "Қойыңдар жігіттер" "Ұят емес па?"деп айыра бастайсың. Соның арасынша бірін-бірі салып жібереді. Жабылып айырасың. Жібермейсің. Олар болса жұлқынып,боқтанып, қырып кете жаздайды...
Бір жолы, екі досымыз дəл солай төбелесті бастағалы жатты... Айырайын деп қасына бара бердім де, менімен бірге арашалауға барып қалған,тағы бір досымды "Жəке мында келш, бірдеме айтам" деп, бөлек ала жөнелдім. Ол болса "Өй Мəке, мыналарды тоқтатайық та. Қазір бір бірін сабайды ғой"деп еді. "Қазір-қазір" деп, біраз жерге алып кеттім. Былай шыққан соң. "Бұлар ажырататын адам болған соң төбелеседі. Қазір көресің дымда болмайд. Керісіп-керісіп қоя салады. Алыстан бақылайық" дедім. Шынында да, əуелде гүжілдескенмен, түн ішінде өздерінен басқа адам болмаған соң,басыла бастады. Алыстау жерде,қораның артынан тыңдап отырмыз. Бір кезде таза басылды. Сосын көңіл айтып,біреуі жылады. Оған екіншісі қосылды. Мына жақта, екеуміз күлкіден өліп барамыз. Сосын, көздеріне көрінбей үйімізге тайып тұрдық. Кейін сол əдісті басқаларына да үйреттім. Соным ақыл болып,кейін төбелесті қойып кеттік. Əйтпесе, ажыратамыз деп жүргенде, біреуінің қолы,біреуінің сөзі тиіп кетеді. Содан жаппай төбелесеміз. Ертеңіне көзіміз көгеріп, бетіміз ісіп... бір-бір жарты қойнымызда, жиналып бірімізден біріміз кешірім сұрап отырғанымыз...
Осы ФБ ның бетінде де,бір-бірін сөзбен іліп алып, болмаса біреудің ісін, басы-қасында болмаса да, қаралап, ұлы айқай ұйымдастыратындар көбейіп кетті. Оған "Қойсаңдарш. Ел-жұрттан ұят қой" деп, басу айтатындар жетіп артылады. Оған бола қойып жатқан олар жоқ. Ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шығып, бүкіл елге масқара болып жатқаны.
Айтайын дегенім:
Солардың шынымен тыншығанын тілесеңіздер. Сондай пост шыққанда, мен сияқты "Скрыт публикацияны" басып қалыңыздар. Бəріңізде сөйтсеңіздер, тыңдайтын, оқитын, ешкім болмаған соң, əлгілер иттей болып өздері-ақ қояды...

Малик Ораков
Фейсбуктегі парақшасынан