Сен тұр - мен айтайын!

"У вас неказахстанский акцент"

  • Қуандық Шамахайұлы

    Қуандық Шамахайұлы

Қазақ жеріне келген әлде бір тыңшы елдің шетіне кіре бере ұсталады. Тіпті ұсталмаса да ұсталдым деп ойлап қайта қашып еліне кетеді.

Өйткені, оны күн шуақтап отырған кез келген шал тергеп руын сұрайды, оны айтса, құдасы боп шығады т.с.с. Осындай бір әзілді Уәлибек Әбдірайым айтушы еді ғой. Меніңше, біздегі орыс, неміс, кәріс секілді қазақстандықтар да осал емес. Елдегі өзге ұлт диаспоралармен жиі әңгімелесіп қаламын. Олар салған жерден қай жақтікі екенімді сұрайды. "Қарағандылықпын" деймін, әдейі. "Жоқ, ұқсамайсың, қарағандылықтар орысшаны бізден таза сөйлейді" деседі. Мен Қарқаралының пәлен деген аулының бөлімшесінде "туып өскендігімді" алға тартып бағамын. Сенбейді. Сосын, төрелікті өзіне беремін. Олар салған жерден: "Түркия, Қытай, Монғолия – үшеуінің дәл қайсысынан келдің?" - деп "ұстап" алады. Мойындайсың, қалай біліп қойғанын сұрайсың. Сонда олардың айтатын жауабы мынау: "У вас неказахстанский акцент".
Азаматтарының бәрі осыншама қырағы сақ елге тыңшы жіберетін жүрек жұтқан қандай жұрт бар?!
Қуандық Шамахайұлы
Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 1787    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.11.2014, 09:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Желтоқсан 2021
    Бұлардың қулығы сол
    19 Желтоқсан 2021
    ҚАРЫНДАС ҚАЙДА БАРАСЫҢ?
    15 Желтоқсан 2021
    Қарапайым психология!
    4 Желтоқсан 2021
    Е, алдамшы дүние...
    30 Қыркүйек 2021
    Сөйтсем, "мода" екен

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31