Сен тұр - мен айтайын!

Уақыт неткен қатал...

  • Уақыт неткен қатал...

    Уақыт неткен қатал...

1998 жыл. Қыпша бел кезім. Қайыңдай иіліп, гүлдей жайнаған 18 - іші көктемім еді. Әке шешеммен ілесіп, туыстардың тойына бардым. Топ ішінде ерекше киінген, жауырыны қақпақтай жігіт әкемнің қолын алып амандасып, шешеме басын иді де "Қыздарыңызды биге шақырсам бола ма?" дегені. Мұндайды күтпеген басым тосылып қалдым. Ұяңдығым бетіме шығып өңім әп сәтте алқызыл түске боялып кетті. "Жоқ" деп атып тұрдым. "Жоқ, мен билемеймін!" дедім де шешемнің арқасына басымды қойып, тығылып отыра қалдым. Көзімнің қиығымен көріп тұрмын, алысқа ұзамай, әкемнің желкесіндегі бос орындыққа отыра кетті. "Не деген батылдық?! Әкемнен именбей келген қандай пәле" деймін ішімнен. Жауырыны кең, көздері ботадай екен. Жәудіреп маған да қарап қояды. Кейін әкем мені ұялмасын деді ме сыртқа шығып кетті. Екінші рет келіп "Құдаша, жүріңіз билейік" деді тағы да қымсынбай. Мамам "Бар билеп кел" дегендей күлімсірей қарады.

Алдымда жігіт шыр айналып билеп тұр. Неден, кімнен ұялатынымды да білмеймін, бірақ қатты ұяламын. Әйтеуір тұрмын. Билеп тұр деген атым ғана. Музыканы естімеймін. Жо-жоқ, ғашық емеспін. Бұл сол балғын кез, балауса шақтағы қауызын әлі ашпаған, ерте көктемдегі қырмызы гүлдің беймәлім өмірі ғана еді. Сол сәт билеп жүрген жас жұбайлар кілт тоқтап,келесі ән екеуінің құрметіне қойылды. Вальс әуелей жөнелді. Ағам жеңгемнің фатасын түзетіп, мейірлене қарады. Жігіттің : "Мен қыз жақтан, сіз ше? Құдашасыз ба?" деген сөзі ойымды бөлді. Вальс билеп жүргенімді енді білдім. Телефон берілмейтін, мекен жай айтылмайтын, қажет деп тапқан адам айтқызбай тауып алатын қатал да қызық кез еді. Жалынды жастықтың жетегінде, сымбатты жігітпен билегеніме марқайып тұрдым. Той бойы биге шақырып, әңгімеге тартқан оған бірақ, бір ауыз жауап қатпадым. Әкем" Әй, бол кеттік" дегенде тілін тістеп құда бала қалып кетті. Мен қоштаспай, апыл ғұпыл әкемнің көлігіне мініп кете бардым. Бірнеше күннен соң жеңгем інісі туралы әңгіме бастағаны сол "жігітім бар" деп өтірік айта салдым.Ұят жеңді.

2018 жыл. Арада 20 жыл өтті. Сол аға жеңгемнің ұлының үйлену тойына келдім. Ұлымды жетектеп, сыртқа шықтым. "Құдаша" деді әлдекім. Жағы суалып көзі кіртиіп, иығы қушиған жігіт ағасының жанарынан баяғы бозбаланы әрең таныдым. Толысқан тұла бойыма қарап тұрып "сізді көрмегелі 20 жыл' деді міңгірлеп. Тісі жоқ ернін сылп еткізіп, ұсқынсыз жымиды. Маңдайымның әжімдерін кері тарта, қасынан өте шықтым.

Жастық шақтың шуағына шомылған баяғы бозбала - бүгінгі боз қырау шалған селдір шашын алақанымен сипалап, бір уақыттағы жауқазын қыздың бүгінгі тарамыс тартқан жүзіне барлай қарап қалды. Уақыт неткен қатал...


Құралай Сейсенбекқызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2850    Пікірлер: 0

жексенбі, 01.09.2019, 12:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 10:28
    Мейрамбек синдромы...
    3 Қыркүйек, 23:07
    Нағыз харами-поза
    2 Қыркүйек, 12:58
    «АНАНЫ ҚАРА, АНАЛИЗ!»
    1 Қыркүйек, 12:33
    Уақыт неткен қатал...
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30