"Үкімет неге үйтеді?", - деп ер тұрманды бауырға алып, тулаудың қажеті жоқ...

07 желтоқсан 2021, 09:51

Бір емес, БЖЗҚ салымын екі рет алдым. Бір жылда. Және еш қиындықсыз. Ипотекам сәл де болса жеңілдеді. Мен сияқтылар көп. Сондықтан "Үкімет неге үйтеді?", - деп ер тұрманды бауырға алып, тулаудың қажеті жоқ. Бір жыл мүмкіндік берілді, 365 күн! Бұл - кәдімгідей уақыт. Енді не өкпе, не арман?
Бұл "өзім алсам болды, басқаларың күл болмасаң, бүл бол" деген сөзім емес. Себебі қайталап айтам, мен ғана емес, салымның игілігін көргендер жетеді. Тіпті тісін емдетуге алғандар болды дейді. Яғни, барынша еркіндік берілді. Тек айтайын дегенім, біз өзі "алған сайын ала берсем" деген нашар психологияға бейімделіп бара жатырмыз. "Үкімет несиемді төлеп берсе" дейміз, хотя оның игілігін өзіміз көрсек те.
Ал енді зейнетақы жинағына келсек, ондағы ақша далада жатқан жоқ, өз қарттығымыздың қамы. Көбейе береді қайта. Көбірек зейнетақы аламыз деп, позитивті жағынан ойлайық та одан да. Қайтеміз "анау-мынау" деп...

Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан