Үкімет облыстардағы проблемаларды тұрақты сараптап, реттеп отыруы тиіс

28 қазан 2020, 09:06

Аймақтарды аралап, жергілікті мем.қызметкер, тілшілер, таныстармен пікірлескен соң өңірлерде мәселелер ұқсас екенін байқайсың.
- Ауыз су тапшы. Әр ауыл қолынан келгенше су табады. Тасып ішеді, құдық қазады, мотор қояды. Малға су табу да азап. Маңғыстауда картон жейтін қой, пенопласт теретін тауықтар жайлы естідік (шөп жоқ).
- Өзендер тарылып барады. Трансшекаралық, ішкі өзендердің де табаны көріне бастаған.
- Блогерлердің дәуірі жүріп тұр. Біреуі ашынып жазады, басқасы ақша дәметеді. Әкімдіктер әртүрлі. Не тілін табады, не елемейді, не қарсы боттарын жұмсайды. Қысқасы, онлайн күрес. Егер әкім айына кемі 2 рет өңірдегі дәстүрлі БАҚ-қа ашық баспасөз - конференциясын өткізіп, жоспарын жариялап, түсіндіріп, маңызды сұрақтарға өзі жауап беріп отырса, уақыт өте әлгі онлайн-күрес тыйылар еді. Басшы жабық болған соң артық пыш-пыш әңгіме көбейеді.
- Трайбализм, ақсақалитет 30 жылдан соң да жойылмаған.
- Әкім ауысқан соң ол бастаған жобалар тоқтап қалады. Жаңа басшы өзінің жаңа бастамасымен келеді. Бұл бюджет шығынына, жергілікті саясаттағы жүйесіздікке әкеледі.
- Діни радикализм факторы әлі де бар.
Мұны біреуді сынау үшін жазғаным жоқ. Бұл аймақтардағы статус-кво.
Түптеп келгенде орталық үкімет облыстардағы осы проблемаларды тұрақты сараптап, реттеп отыруы тиіс.

Nurmukhamed Baigarayev

Фейсбуктегі парақшасынан