Ұл баланың тəрбиесіне қыран құстың тəлімін қолдану шарт...

30 қазан 2019, 11:39

Негізінде ер баланы өбектей берген дұрыс емес. Жігерін ширату керек. Ішке бүккен аналық сезім бəрібір алыстан айғайлап тұрады. Балаңды жақсы көрмейсің деп ешкім айта алмайды. Ұл баланың тəрбиесіне қыран құстың тəлімін қолдану шарт. Қыран балапанына ұшуды құздың басынан лақтырып үйретеді. Сонда кейін ештеңені уайымдамайсың. Ұлың желдің өтіне, күннің бетіне сыр бермейтін төзімді болып ер жетеді.
Өз ұлымды солай тəрбиеледім.

Гүлмәрия Барманбекова
Фейсбуктегі парақшасынан