Сен тұр - мен айтайын!

Үлгі болар үлкендер өстіп жүрсе, кейінгі буынға қандай өкпе бар дейсің?!

  • Үлгі болар үлкендер өстіп жүрсе, кейінгі буынға қандай өкпе бар дейсің?!

    Үлгі болар үлкендер өстіп жүрсе, кейінгі буынға қандай өкпе бар дейсің?!

Қазір тойға барсақ, "ойыны қандай, əзілі қандай, асабасының сөйлеген сөзі қандай?" деп ойланып баратын болдық.

Əлеуметтік желіде тойдан бейнекөріністерді көп көріп қаламыз. Күні кеше екі апаның тойды "жарып" анау-бір нашар əнге ерсі қимылмен селкілдеп-дірілдеп билеп жүргенін көрдік. Алдыңғы буын ата-апаларымыздың осындай билеріне қарап жағамызды ұстап жатамыз. Əрине қимыл-қозғалыс бұл жаста жақсы, денсаулыққа пайдалы. Бірақ оның өз орны бар.

Ешкімді кəналағым да келмейді. Үлкендерге ақыл айту да ұят. Бірақ барлығы жасына сай болғаны жақсы ғой деп ойлаймын. Тойға балалар да, жастар да барады. Солардың алдында жастардың дискотекадағы қимылдарын көрсетіп асыр салып жүрген ата-əжелерді көру тым ерсі екен..

Əжелеріміз əже, аталарымыз ата болып, алдымызда үлгі-өнеге болса екен дейміз. Қазақтың Қамажайын билеп шықса жарайды дерсің. Арбаң-арбаң етіп, мəні-мағынасы жоқ əнсымаққа билеген үлкен жастағы ата-апаларды түсінбей өтермін. Арзан əзіл, арзан күлкі, арзан əн, арзан бидің заманы болды.

Үлгі болар үлкендер өстіп жүрсе, кейінгі буынға қандай өкпе бар дейсің?!

Қымбатымыз -ұлттық құндылықтарымыз арзандап, арзан нəрсе қымбаттаған заман болды, ағайын...

Жаудан қорықпаған батыр Бауыржан атамыз бір кезде "Мен үш нəрседен қорқамын, біріншісі - бесік жырын айта алмайтын келіндердің көбеюінен, екіншісі - немерелеріне ертегі айтпайтын əжелердің көбеюінен, үшіншісі- салт-дəстүрлі сыйламайтын ұрпақтардың көбеюінен",- деген екен.

Мен сол "Ертегі айтпайтын əжелердің" орнына заманауи, даңғырлаған, мағынасыз əндерге билейтін əжелер көбейіп бара жатқанынан қорқамын.

Бата бере алмайтын, батаның орнына тост айтатын аталардан қорқамын.

Осының көріп өскен кейінгі ұрпақтың тəлім-тəрбиесі қалай болады деп қорқамын, ағайын-ау?!

Қазақ болып қаламыз ба, содан қорқамын?!

Осындай тойлардан ұялып, шаршап келемін.

Асабалар ұлттық құндылықтарымызды насихаттаңыздар.

Апаларға ұршық иіртіп, жарыс өткізіңіздер, жастарға қазақтың мақал-мəтелдері мен жаңылтпаштарынан жарыс ұйымдастырыңыздар.

Аталарға қамшы өргізіңіздер. Тойдың сценарийіне мұқият болып, қол ұстасып шаңырақ құрып жатқан жастарға үлгі болар дүниелерді көрсетіңіздер.

Жаңа түскен келін атасы мен енесінің аузына қасықпен торт "тығындағанша", үлбіреп отырып, сызылып шəй құйып берсін, шараға құйылған сары қымызды сапырып, тостағанға құйып ата-əжелерге қымыз ұсынып, сəлем салып, бата алсын. Бата алған бақытты болады.

Жалпы осы тойды реттеп, той заңын шығарған дұрыс-ау?!

Саналы ұрпақ үшін саналы дүние жасайық, өз ісімізбен, əрекетімізбен өнеге болайық!

Тойда екі жасты сүйістіріп, қалыңдық туфлиін ұрлап, оған толтыра арақ ішетін, көзі көгерген жансыз қуыршақты той көліктің алдына отырғызып безендірген, батаның орнына тост жүріп, артынан "алып қой!" дейтін заман өтті, келмеске кетті.

Өзіміздікі өзгеден артық болмаса, кем емес екенін түсінетін кез жетті!

Сыртқа қарап ұлымай, өткіншіге қызықпай, бір кездері өзгелер қызғана қараған, бізге ұмыттыруға тырысқан, соның салдарынан, қазір өзіміз жеріген, өзіміздің өнегемізді, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайық, ағайын!


Тұрар Сәттарқызы Шәкен

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 2187    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.10.2019, 20:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31