Сен тұр - мен айтайын!

Ұлыққа керек болған ХАН басының ұрпағына керек еместігін көргенде ет жүрегің езіледі екен...

  • Ұлыққа керек болған ХАН басының ұрпағына керек еместігін көргенде ет жүрегің езіледі екен...

    Ұлыққа керек болған ХАН басының ұрпағына керек еместігін көргенде ет жүрегің езіледі екен...

  • Ұлыққа керек болған ХАН басының ұрпағына керек еместігін көргенде ет жүрегің езіледі екен...

    Ұлыққа керек болған ХАН басының ұрпағына керек еместігін көргенде ет жүрегің езіледі екен...

Әлеуметтік желідегі Хан Кенеге қатысты мынадай;
"Қу сүйек не шешеді дерсің", "Ел Марсты отарлап жатқанда біздікі не сандырақ"... секілді желдей кеулеген пікірлерге өз тарапымыздан үн қатпасақ болмайын деді.
Ал жарайды, Кенесарының басы келмегенге дейін біздің рухымыз биік, шекеміз шылқып отыр ма еді?
Тоғыз пайызы "нұрдан", 91 пайыз өтіріктен тұратын бұл жүйеге кесілген "қу сүйек" емес, кесілмеген сіз бен біздің "тірі басымыз" нендей өзгеріс әкеліпті сонда...
Осындай алыпқашпа, тиянақсыз пікірлерді бағамдай отырып, біріншіден, біздің санамызға уахабизм симптомының бейсаналы түрде жаппай жайылып кеткендігін анық аңғаруымызға болады (Бұл жайлы енді ұзақ айтуға болады).
Екіншіден, бұл тек ғана "қу сүйек" емес, АРУАҚ пен ТАНЫМ, БОЛМЫС пен МАЗМҰН ұғымдарына саяды (Мұны тарих пен тұлғаға көрсеткен айырықша құрмет десек те келеді).
Үшіншіден, Кенесары не десекте "саяси тұтқында" отырған адам. Ал оны осы "саяси түрме" мен " қараңғы түнектен" босатып алу артындағы елінің азаматтық борышы десек те болады.
Төртіншіден, мүрде мұсылман қағидасы бойынша қалайда жер қойынына табысталуы тиіс.
Бесіншіден, хан сүйегі еліне оралып мәңгілік барақат тапқан жағдайда қараша халқы басына барып құран оқи алады. Ханның көр топырағын көріп көзайым тұтады. Әр қазақ баласы арттағы зәузатына мұнда ел үшін басын бәске тіккен аталарың жатыр деп батыл түрде айта алады...
...Әрине, азаматтық қоғамда жетілген, кәсіби пікірлер таласының болғандығы өте дұрыс қой.
Бірақ, ұлыққа керек болған ХАН басының өз ұрпағына келгенде керек еместігін көргенде ет жүрегің езіледі екен...

Ықылас Ожайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2860    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 08:31

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31