Сен тұр - мен айтайын!

Ұлыларымыз үнсіз қалса - ұлтымыз ұйқыға кетеді

  • Ұлыларымыз үнсіз қалса - ұлтымыз ұйқыға кетеді

    Ұлыларымыз үнсіз қалса - ұлтымыз ұйқыға кетеді

ҰЛЫЛЫҚ  ҚАЛҒЫСА - ЗҰЛЫМДЫҚ ҚАНАТ  ЖАЯР

 

Демек, ұлыларымыз үнсіз қалса - ұлтымыз ұйқыға кетеді деген сөз бұл!

 

Жауын басындырмай, халқын ашындырмай, АТА салтын сақтаған, АНА тілін сатпаған, сөйтіп ҰРПАҒЫНА ұлан даланы мұраға қалдырған ҰЛЫ БАБАЛАРДЫҢ сергектігінен сабақ алмағанымыз ба, қалай?! Біліміміз тасыған сайын, шешім қабылдауымыз күрделеніп барады...

 

Ширек ғасырдан бері Тіліміздің тағдырына нүкте қоя алмай жүргенде, ХАЛЫҚ талабымен жазылған заң жобасын Жер комиссиясы қабылдамай, тағы да 5 жылға мораторий жарияланғаны - Жеріміздің жыры бітпей, тағы 5 жыл таразыда теңселуі емес пе?!

 

Ғұн мемлекетінің іргесін қалаған Мөде әмірші Ел мен Жер мәселесіне күн туған шақта «Жер-халықтың анасы, оны қалай бөлшектемекпіз?!» деуі - Ұлттың сақталуына да, жойылуына да себеп болатын осы екі-ақ нәрсе: ТІЛІ мен ЖЕРІ дегені!  Себебі, осы екеуін жоғалтқан жұрттың өзі де жоғалады.

 

1855 жылы АҚШ президенті Франклин Пирс «Жер сатып алу жөніндегі» ұсынысымен үндістердің көсемі Сиэтлге арнайы хат жолдайды. Сонда Сиэтл бұл ұсыныс көкейге мүлде қонбайтынын айтып, жедел жауап қайтарады. Оны қысқаша мазмұндасақ мынау:

 

«ЖЕР - бізге бауырындағы барын беретін АНАМЫЗ! ЖЕР-ТІРІДЕ ТӨРІМІЗ, ӨЛГЕНДЕ - КӨРІМІЗ!»

  

Ендеше, үндістердің көсемі Сиэтлдің сиямен емес,  жүрек қанымен жазылған осы жауабын- Адамзат атаулыға айтылған өсиет деуіміз керек!

 

 

 

 

Nazigul Abutrapova

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2752    Пікірлер: 0

жұма, 04.06.2021, 18:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30