Үндемей кетісу – ауыр жаза...

22 қазан 2020, 15:25

Түсіністік


Өзара түсінісудің қажеті жоқ кездер болады. Өйткені, әр адам не бүлдіргенін жақсы түсінеді. Өсектеді, сатып кетті, тонады, аяқтан шалды. Қарым-қатынасты құтқарып қалудың титтей болса да мүмкіндігі бар екенін білгенде ғана түсінісуге тырысу керек. Ондай сәтте ол адам сіз үшін маңызды, қымбат екенін көрсетіңіз. Бұдан өзгесіне бас қатырудың қажеті шамалы. Үндемей кетісе салған жөн. Сонда жан-жақтан жай таныстар жасанды таң қалыспен: "неге, не боп қалды?" деп сұрай бастайды. Әңгімелесейік деп шақырып, үндемегеніңізге иығын қиқаң еткізіп, есі дұрыс емес, өзі бір түрлі адам деп көпіртеді. Тәкәппарын қара, тіпті сөйлескісі келмейді деп сөгеді. Кетісті, телефонды көтермеді, себепсіз бұғаттап тастады. Нүкте. Олар осы үндемей кетіскенді түсінбей дал болады. Себебі содан кейін ар алдында оңаша қалады. Арды алдай алмайсың, оған көзіңді жұмып қарай алмайсың. Чеховтың да кезбе кейіпкері Божий үндемей кете салған. Ұрлықшы соңынан жүгіреді. Әңгімеге тартып, өтірікті соғады кеп... Күркіреп тұрған түнерген аспанға қарап кезбе оған: "Сен мені ренжіткен жоқсың, мені емес... Сен Құдайды ренжіттің" деп еді... Үндемей кетісу &ndash ауыр жаза. Себебі, оңбаған өзімен-өзі оңаша қалады. Оның көз алдында зеңгір көк қана бар. Өтірік айту бекер. Алдаймын деп әурелену де артық. Кешірім сұрайын десе, қасында тірі жан жоқ. Негізі бастапқы кезде кешірім сұрамай кесірленеді. Ал, кейін кешірім сұрайтын адамын таппай, өзегі өртенеді.


Аударған Шынар Әбілдә

Фейсбуктегі парақшасынан