Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ұрандатқанның бәрі шынайы ұлтшыл емес...

02 ақпан 2023, 16:12

Алдағы ҚР парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауынан ескі жүйенің кландары да дәмелі.

 

Сайлаудың ашық әрі әділ өтуінің бір белгісі пропорционал және мажоритарлық, яғни аралас сайлау жүйесі. Мұндай сайлау жүйесі — демократиялық мемлекеттерге тән дүние.

 

Сайлау болған соң, сайлаудың талаптарына сай келетін кез келген ҚР азаматы өзін ұсынып,  сайлауға түсуге құқылы. Бірақ халық бір нәрсені ескеру керек, «А» деп,  аузын ашып,  ұрандатқанның бәрі шынайы ұлтшыл емес.

 

Себебі сайлауға өтінім бергендердің арасында бұрынғы жүйенің қаржыландырып отырған кландары мен сыртқы күштердің жендеттері бар. Олар үшін елдің қамы көк тиын. Олардың көксегені елдің тұтастығына сыза түсіру.

 

Сонымен қатар кандидаттардың  арасында МҒҚ (мордасы ғана қазақ)- лар да жүр. 

 

Өз ана тілін білмейтін адамдарды, өз ұлтын шексіз сүйеді деп айту қиын. Себебі өз ұлтын сүйсе,  өз тілін де шексіз сүйетін еді. Сондықтан оларды мәслихат пен мәжілісте бірдеме тындыратынына сенбеймін.

 

Сол себепті әлемжеліден арбайтындарды халық айыра білу керек. Отырып алып,  елді жамандайтындардың бәрі шынайы ұлтқа,  тілге жаны ашитындар емес. Сол отырғандардың ішінде бірауыз қазақша білмейтіндері жетіп жатыр.

 

Алдағы сайлауда қарынның қамын емес, ЕЛ-дің қамын ойлайтындар сайланса екен деген тілек білдіремін. Алла, тілегімді қабыл ете гөр.

 

 

Талғат Жанысбай

Фейсбуктегі парақшасынан