Сен тұр - мен айтайын!

Ұрының ұрлығын, арамның арамдығын айтпағанның өзі арам

  • Ұрының ұрлығын, арамның арамдығын айтпағанның өзі арам

    Ұрының ұрлығын, арамның арамдығын айтпағанның өзі арам

Америкалық жазушы Нассим Талебтың «АНТИХРУПКОСТЬ» атты кітабында «Ұрының ұрлығын, арамның арамдығын айтпағанның өзі арам» деген сөздері бар. Одан ары жазушы: «Арсыз жанға ізгілік таныту - арамзаның иттігіне көнумен бірдей. Соларды жақтағаның бұл» дейді. Даусыз шындық. Бүгінгі біздің қоғамға келетін болсақ, Нассим Талебтың айтқаны дөп келіп тұр. Қазынадан миллиондап, миллиардтап ұрлағандарды қолдаймыз. Көріп, біліп тұрсақта үндемейміз. Өйткені үндей алмаймыз. Неге? Өйткені ол «ана кісінің жақыны, мына дөкейдің тамыры-танысы». Сонымен бәрін жылы жауып қоямыз. Мемлекет қазынасы тоналып, халықтың несібесі жемқор топтың көмекейіне кетіп жатыр. «Ет сасыса, тұз себесің, тұз сасыса не себесің» демейтін бе, еді? Қоғамды жайлаған жемқорлықпен күресу үшін қандай рецепт керек? Бұл өзекті мәселе. Басымнан өткен мына бір жағдайды тілге тиек еткім келіп отыр. 2005 жылы темір жолда бірінші вице президентің кеңесшісі болып жұмыс істедім. Сол кезде осы темір жол саласындағы түйткілдерге байланысты үлкен тексерістер жүргіздік. Басшысы мен болдым. Талай былық - шылықтың бетін аштым. Миллиондардың, миллиардтардың мемлекет қазынасына емес, жеке адамдардың қалтасына құйылып жатқанын анықтадым. Тиісті орындарға тексеріс қортындыларын бердім. Амал қанша, әлгі құзырлы орындар темір жол саласында жүрген пысықайлармен ауыз жаласып, бәрін жылы жауып қоя салды. Ал ақиқатты көрсеткен мені түрлі желеумен жұмыстан шығарды. Басым пәлеге қалды. Соңымнан шам алып түскендер болды. Дегенмен араға біраз уақыт салып мен темір жолға қайта оралдым. Онда да осы салаға жауап беретін президенттің кеңесшісі болып. Өйткені оларғада «ақты ақ, қараны қара» деп айтатын шыншыл, іскер адам керек екен. Қазірде қоғам белсендісі болған соң, қоғамда болып жатқан түрлі жағдайларға байланысты өзімнің жалтақсыз көзқарасымды ашық айтып жүрмін. Бұл тірлігімде қайсы біреулерге ұнамай, блогерлер жалдап, мен жөнінде ұнамсыз мақалалар жаздырып жүр. Мейлі кімнің аузына қақпақ боламын, айта берсін, жаза берсін. «Текті адам кемшілікті өзінен іздейді, ақылсыз өзгеден іздейді» дейді қытайдың ұлы ойшылы Конфуций. Қоғамда әділдік орнау үшін, әр адам өзін таза ұстауы тиіс.

Мен өз елімнің патриоты ретінде әрдайым ақ сөйлеймін. Қоғамды шырмауықтай жайлаған жемқорлықпен күресемін. Әділдіктің жақтаушысы боламын. Ұрының ұрлығын, арамның арамдығын айтатын азамат болғым келеді.


Азаматхан ӘМІРТАЙ


«Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының төрағасы,


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі


Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 622    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.12.2019, 13:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қаңтар, 12:10
    Күйдірдің ғой ит-ай!
    31 Желтоқсан 2019
    Әкім болудан қорқамын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31